• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Парламент 13 Қараша, 2017

Мәжілістің күн тәртібі нақтыланды

418 рет
көрсетілді

Мәжілістің Бюро отырысында алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

Онда депутаттар құқық қорғау қыз­ме­тінің процестік негіздерін жаңғырту мәселелері бойынша түзетулерге қатысты заң жобасын бірінші оқылымда қарайды деп күтілуде. Елбасының заң шығару бастамасы негізінде ұсынылып отырған бұл құжат еліміздің Қылмыстық-процестік кодексіне, «Жедел-іздестіру қызметі тура­лы» және «Прокуратура туралы» заңдарға қылмыстық сот ісін және жалпы құқық қорғау қызметін жаңғыртуға бағыт­тал­ған өзгерістер енгізуді көздейді.

Сонымен қатар осы күні Мәжіліс Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске түзетулерге арналған заң жобасын екінші оқылымда қарап, ТМД қатысушы мемлекеттердің ав­то­көлік құралдарын жым­қы­руға қарсы күрестегі және олар­ды қай­таруды қамтамасыз ету­дегі ын­ты­мақтастығы туралы келі­сімді ратификациялауға байланысты заң жобасын талқыға салады.  

Ал жалпы отырыста жұмысқа қабыл­да­натын құжаттар қатар­ында агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша және Қазақстан мен Халықаралық Қай­та Құру және Даму Банкі ара­сындағы Оңтүстік-Батыс авто­мобиль жолдарын дамыту жобасына түзетулер бойынша келісім-хатты ратификациялауға бағытталған заң жобалары бар.