• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Қазақстан 16 Қараша, 2017

Әскери доктринаның орындалу барысы талқыланды

275 рет
көрсетілді

Қорғаныс министрлігінде Дариға Назарбаеваның төрағалық етуімен Пар­ла­мент Сенаты Халық­ара­лық қатынастар, қорға­ныс және қауіпсіздік коми­те­тінің көшпелі отырысы өтті, деп хабарлады Се­наттың баспасөз қызметі.

 

Көшпелі отырыс аясында Әскери доктринаны, Қазақстан Рес­публикасы Қарулы Күш­тері­нің, басқа да әскери құралым­да­ры­ның құрылысы мен даму жос­пары тұжырымдамасын жүзеге асыру мәселелері талқыланды. 

Шараға Сенат депутат­тары, еліміздің Қорғаныс министр­лігінің, Ұлттық қауіпсіздік коми­теті Шекара қызметінің, ІІМ Ұлт­­тық ұланның басшылығы қатысты.

Кездесуді ашқан Д.Назарбаева елдің қорғаныс қабілетін және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерінің маңыздылығын атап өтті. «Қарулы күштер – біздің халқымыздың тәуелсіздігіне кепілдік береді», деді сыртқы қауіп­терді болдырмау мен жоюда армия рөлінің артып келе жат­қанын атап өткен сенатор.

Отырыста еліміздің Қа­ру­лы Күштері Бас штабы бас­ты­ғы­ның бірінші орын­басары, генерал-майор Руслан Шпек­баевтың Әскери доктри­на туралы баяндамасы тың­далды. Ол доктринада күрестің «гибридті» әдістері, «әскери емес құралдар», «ішкі қарулы қақтығыс» деген ұғымдар мен анықтамалардың бірінші рет жасалып қолданылғанын,  ҚР Қарулы Күштерінің, бас­қа да әскерлер мен әскери құра­лымдарды қолдану, кибер қауіпсіздік шараларын күшейту, жалпы әскери қауіпсіздікті қам­та­масыз ету жүйесіне аумақтық қорғанысты интеграциялау, ма­те­риалдық-техникалық қамта­масыз ету жүйесін дамыту, Қа­зақстанның бейбітшілікті қолдау шараларына қатысуын кеңейту, мемлекеттің әскери ұйымдарды басқару жүйесін дамыту тәртібі нақтыланды деп атап өтті. 

«Біздің бірлескен жан-жақ­ты жұмысымыз армияны қа­жет­ті, заманауи қару-жарақпен, әс­кери техникамен жақын арада жабдықтау мәселелерін шешуге мүмкіндік береді. Ол үшін «Қорғаныс туралы» заңға тиісті түзетулер енгізу қажет және бұл  мүдделі мемлекеттік органдармен жұмыс жасауды талап етеді», деп атап өтті Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Дариға Назарбаева.