• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Әлем 21 Қараша, 2017

Токио орталық кітапханасында Қазақстан әдебиеті және мәдениеті орталығы ашылды

611 рет
көрсетілді

Жақында Токио орталық кітапханасында Қазақстан әдебиеті және мәдениеті орталығы ашылды.

Айтулы іс-шараға Қазақстан Республикасының Жапониядағы Төтенше және өкілетті елшісі Ерлан Баударбек-Қожатаев, Астана қаласындағы Ұлттық академия­лық кітапхананың басшысы Үміт­хан Мұңалбаева, философия ғы­лым­­­дарының докторы, академик Ға­рифолла Есім, «Жұлдыз» әде­­б­и-көркем жур­налының бас ре­дак­­торы Ұлық­бек Есдәулет, фило­­л­о­гия ғылым­дарының докторы Тұр­сын Жұрт­бай, филология ғылым­дары­ның кандидаты, Еура­зия ұл­ттық уни­вер­ситеті­нің до­центі Оңайгүл Тұр­жан, Жа­по­ниядағы шығар­ма­шы­­л­ық зиялы қауым, Токиодағы қазақ диас­порасының өкілдері қатыс­ты.

Токиолық оқырмандар бұдан былай қазақ халқының салт-дәстүрі, мәдениеті, өнерімен өз кітап­ха­наларындағы орталық ар­қы­лы жақын таныса алады. Ор­та­лықта Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемдік саяси арена­­дағы орны мен рөліне арнал­­ған кітаптар, Президенттің автор­лығымен жарық көрген еңбектері, тарих, ғылыми-көпшілік және көркем әдебиет кітаптары қойыл­мақ. Еліміз тарапынан Токио орта­лық кітапханасына барлығы 200-ге жуық кітап тапсырылды.

Қазақстан әдебиеті мен мәде­ниеті орталығы Мәдениет және спорт министрлігі, Сыртқы істер министр­лігі, Қазақстанның Жа­по­ния­дағы елшілігінің ықпал­дасуы­мен ашылды.

Токио орталық кітапханасы 1973 жылы Токио астаналық кітап­ханасы ретінде құрылған. Оның қорында 1,98 миллионға жуық кітап, 6000 журнал мен газет, әр­түрлі аудиовизуал­ды және сирек құ­жат­­т­ар (Ukiyo-e мен Эдо мұнара­сы­ның ар­хитектуралық эскиздері) бар. Соны­мен қатар Орт­алық кітап­­хана Токиодағы қоғам­дық кітап­­хана­лар­дың арасын­да шетел әде­биеті­нің айрықша кол­лек­ция­ларын сақ­таған. Бұл кол­лек­ция Орта­лық кітап­ханада бар жалпы қордың оннан бір бөлігін құрайды.

«Егемен-ақпарат»