• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
22 Қараша, 2017

Шыршалар тек мә­дени-бұқаралық ша­ра­лар­ға заң аясында бе­рі­леді

525 рет
көрсетілді

Жаңа жыл жақындап ке­леді. Жақындаған сайын бір күндік қызық үшін жүз жыл­дық шыршаларды заңсыз қиып, сатушылар қатарының кө­­бейе түсетіні де белгілі. Осы ретте өңірдің орман ша­р­уа­­шылығы қызметкерлері ай­­мақтағы шыршаларды, оның ішінде жас өскіндерді өз бақылауларына алды. 

Қазір Тархан орманшылығындағы стационарлық бекетте құ­қық қорғау органдарымен бірлесе отырып тәулік бойы кезек­шілік қойылған.

Бұдан бөлек жас өскіндердің заңсыз кесілуіне жол бермеу үшін арнайы 5 мобилді топ құрылған. «Биыл­ 1 ақпанынан бас­тап қылқан жапырақты ағаш­тарды қиюға тыйым са­лын­ғандықтан жаңажылдық шыршаларды дайындау көлемі едә­уір азайды. Шыршалар тек мә­дени-бұқаралық ша­ра­лар­ға облыстық табиғи ре­­с­урс­­тар басқармасының рұқ­­­са­ты­мен заң аясында бе­рі­леді»,  дей­ді Өскемен орман ша­р­уа­­шылығының орманды қорғау және сақтау жөніндегі инженері Нұрлан Сәттібаев.

Жаңажылдық шыршалар­ды та­сы­малдаушыларда­ тиіс­­ті құ­жат­тарының бол­уы да­ қатаң бақылауға алын­ған.­ Ор­манды заңсыз отау­шы­лар­ға қолданылар жаза күшей­тілген. Мәселен, заңсыз ағаш кесу­шілерге – 300, ал үйіне шырша ор­натуға үйір жандарға 15 ай­лық есептік көрсеткішке дейін айып­пұл қарастырылған.

Азамат ҚАСЫМ,  «Егемен Қазақстан» 

Шығыс Қазақстан облысы