• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 08:15

25 адам құтқарылды: Көкшетауда паром көлдің ортасында тұрып қалған

30 рет
көрсетілді

Көкшетауда құтқарушылар ақауы бар паромнан жолаушыларды дер кезінде эвакуациялады, деп хабарлайды Egemen.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Оқиға Қопа көлі аумағында болған. Құтқарушылар су айдынын патрульдеу кезінде ішінде адамдар отырған, бірақ техникалық ақауы бар паромды байқайды.

Кеме жағадан шамамен 700 метр қашықтықта тұрған. Құтқару жұмыстары нәтижесінде 25 адам жағаға шығарылды, олардың ішінде 10 бала бар.

Министрліктің мәліметінше, эвакуацияланған азаматтарға медициналық көмек қажет болмаған.

Соңғы жаңалықтар