• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 16:21

Сұлтан Сәрсемалиевке қатысты негізгі сот процесі 28 мамырға белгіленді

20 рет
көрсетілді

Атырауда Сұлтан Сәрсемаливке қатысты алдын ала сот отырысы өтіп жатыр. Сот процесінде ол алқабилердің қатысуымен істі қараудан бас тартты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сот барысында судья Зарема Хамидуллина Сәрсемалиевке қатысты бірнеше бап бойынша айып тағылғанын хабарлады. Олардың қатарында кісі өлтіру, ұрлық, құжаттарды заңсыз иемдену және алаяқтық баптары бар.

Сонымен қатар істі тоқтатуға негіз болатын жағдайлар анықталмағаны айтылды. Ал алдын ала тыңдау кезінде тараптар судья құрамына қарсылық білдірмеген.

Сотталушы алқабилердің қатысуымен істі қараудан бас тартқан. Тараптар негізгі сот отырысын тағайындауды сұраған.

Нәтижесінде негізгі сот процесі 28 мамырға белгіленіп, ашық режимде өтетіні белгілі болды.

Сотта прокурор Мирас Бауыржанов айыптау актісін оқып, қылмыстың хронологиясын баяндады.

Ал бар кінәсін мойындаған Сәрсемалиев өлім жазасына да келісетіндігін жеткізді. 

Соңғы жаңалықтар