• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 15:48

Сәрсемалиев ісі: Прокурор қылмыстың қалай жасалғанын айтып берді

50 рет
көрсетілді

Атырау облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта Сұлтан Сәрсемалив ісі бойынша сот процесі жалғасып жатыр. Ол бұрынғы жұбайының төрт туысын өлтірді деп айыпталып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сотта прокурор Мирас Бауыржанов айыптау актісін оқып, қылмыстың хронологиясын баяндады. Тергеу нұсқасына сәйкес, алғашқы құрбан бұрынғы әйелінің ағасы Наурыз Мұқанғалиев болған. Оқиғадан кейін күдікті Жангелдин ауылына барған.

Прокурордың айтуынша, сол жерде оның бұрынғы жұбайының туыстарымен жанжал туындаған. Тергеу нұсқасында ол ас үй пышағымен бұрынғы әйелінің анасын және кейіннен қайын атасын өлтіргені айтылған.

Атырауда 4 адамды өлтірген күдікті өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Одан кейін ол бұрынғы әйелінің әпкесі Мейрамгүлді таксимен Атырауға жеткізіп, Мұнайшы шағынауданындағы жалдамалы үйде өлтіріп, денесін аулаға көмген. Тергеу мәліметінше, сол жердегі бір қабірде бұған дейін Наурыз Мұқанғалиевтің денесі болған.

Сот барысында жәбірленушілердің туыстары отбасының ажырасу себептеріне араласу болмағанын айтып, бұл нұсқаны жоққа шығарды.

Сот процесінде күдікті бар кінәсін мойындап, қылмысты қасақана ұйымдастырғанын мәлімдеген болатын.

Соңғы жаңалықтар