• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Медицина 23 Қараша, 2017

Келесі жылы Қарағандыда Бұқар жыраудың 350 жылдығы тойланады

650 рет
көрсетілді

Келесі жылы Қарағанды облысының жұртшылығы атақты ойшыл Бұқар жырау Қалқаманұлының 350 жылдығын атап өтеді. Шараларға дайындық қазір­ден басталып, Бұқар Жырау ауда­нының әкімдігінде ұйымдастыру комитетінің бірін­ші отырысы өтті, деп жазады Ruh.kz сайтында.

Мерекелік шараларды 2018 жылдың тамызында өткізу ұсы­нылып, ол өтетін орынды ау­дан жұртшылығы әлі талқылау үс­тінде. Нақты шешімді жер­гі­лікті ақсақалдардың пікіріне сү­йене отырып жасау көзделіп отыр. Мерейтойға орай «Бұқар жырау» энциклопедиясын қайта басып шығару, республикалық айтыс, ғылыми-тәжірибелік конференциялар ұйымдастыру, телебағдарламалар циклін жасау жоспарланған.

«Отырыс барысында бүгінгі таңда Бұқар жырау туралы бірде-бір пьеса мен фильм жоқ екені атап айтылды. Ұйымдастыру комитетінің өкілдері тек мерей­тойлық шаралар туралы ғана емес, сонымен қатар ауданның елді мекендерін абаттандыру қа­жеттілігін де талқылады», делін­ген хабарламада.  Айта кетейік, Бұқар жырау Қал­қа­ман­ұлының 350 жылдық мерейтойын өткізуге ар­нал­ған Қоғамдық қор құрылатын болды.