• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қаржы 23 Қараша, 2017

Қаракөл өндірісінің өркенді жолы

764 рет
көрсетілді

Ата кәсібіміз мал шаруашылығын заман талабына сай дамыту,  осы салада өнім өңдеу және экспорттау ісін жолға қою өте маңызды екенін Елбасы үнемі айтып келеді. 

Бұл ретте Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында да мал шаруашылығы негізгі бағыттардың бірі ретінде қарастырылып, оның экспорттық әлеуеті жоғары екені атап өтілгені мәлім.

Жалпы, қазақ жерінде негізгі төрт түліктің қай-қай­сы­­сын болса да өсіруге қо­лайлы табиғи жағдай бар. Мың­ғыртып қой айдап, келе-келе түйе өсіруге де мүм­кіндік мол. Бірақ бүгінгі заман ыңғайында саннан гөрі сапа басымдыққа ие болған­дық­тан, асыл тұқымды мал шаруашылығының өрісін кеңейту аса маңызды екені айтпаса да түсінікті. Сол себепті де елімізде асыл түліктің санын көбейтуге көңіл бөлініп, мем­­­лекеттік қолдау шаралары да жүзеге асырылып жатқаны белгілі. Осы орайда біз қой шаруашылығына, соның ішінде қаракөл шаруа­шы­лығында ат­қа­рылған істер­ге, осы салада қыз­­мет еткен ға­лымдардың ең­­бегіне де тоқ­тал­ғанды жөн са­­наймыз.

Сондай ардақты азамат, дарынды ғалымдардың бірегейі, халықаралық қаракөлшілер қауымдастығының төрағасы, қазақ ұлтынан шыққан жалғыз үш мәрте Мемлекеттік сый­лықтың лауреаты, Қазақстан Рес­публикасы Ұлт­тық ғылым ака­демиясының академигі, ауыл шаруашылығы ғылым­да­рының докторы, профессор Хисметолла Үкібаев.

1968-1971 жылдары Мәс­кеу қа­­ла­сындағы Бүкілодақтық мал шаруа­шы­лығы ғылыми-зерт­­теу инс­титутының ас­пи­­ра­н­турасын­да оқып, «Бу­дан қа­ракөлшілер алу әдіс­­те­месін ше­шу» ғылыми та­қы­­рыбы бой­ын­­ша зерттеу жұ­мыс­та­рын ака­демиктер В.Юдин, Н.Гиги­ней­­швилидің жетекшілігімен Аты­рау об­лы­сының Ембі ау­да­­нында жүр­гізеді. Ғылыми жа­ңалығы жо­­ғары бағаланып, бір­неше ав­то­р­лық куә­лік алып, жа­­бық док­тор­лық диссер­та­ция­лық ғылыми ке­ңесте ғы­лы­ми зерт­темелерін сәт­ті қор­ғап, ауыл шаруашылығы ғы­лым­да­­рының кандидаты атанады.

Жас ғылым кандидаты ас­пи­рантураны бітірер тұста Бүкіл­одақтық ауыл шаруа­шылығы ғылым академиясы Қалмақ АКСР-нің 1-ші хат­шысы Б.Городовиковтің сұ­рауы бойынша қаракөл қой ша­руашылығының ғылыми-зерт­теу зертханасын ұй­ым­­дас­­тыруға жолдама алады. Қал­­мақтың ет бағытындағы ірі қара өсіру ғылыми-зерттеу инс­титутында қаракөл қойын ғы­лыми-зерттеу зерт­ханасын ұйым­дастырып, екі жыл ең­бек­теніп, 5 шаруашылықтың қа­­ра­көл қойларын сұрыптап, «По­лын­­ный» кеңшарында асыл тұқым­ды қаракөл фермасын ұйым­дас­тырып, 1980 жылға дейінгі асылдандыру жоспарын жасап, бекітіп береді. Гурьев облыстық партия комитетінің шақыруымен 1973 жы­лы Гурьевке (қазіргі Атырауға) ке­­ліп, Қазақ қаракөл шаруашылығы ғылыми-зерт­теу институтының Батыс бө­лім­­шесінің мең­ге­ру­шісі қыз­ме­тіне тағайындалды.

Сол жылдары Қаракөл ша­руа­­­шы­лығы ғы­лыми-зерт­теу инсти­ту­тына жоғары шенді офи­церлердің бас киімін тігетін көк түсті қаракөл елтірісін өндіретін қой тұқымын шы­­ғару бойынша мемлекеттік тап­­сырыс берілген болатын. Осы тап­сырманы орындау үшін «Гурь­ев» асыл тұқымды әр­түрлі көк қой ша­руа­шы­лығында жоғары дәре­же­лі се­лекциялық жұмыстар ұй­ым­­­­дастырады. Елтірінің сапа­лы I сорттылығын 95%-ға, көк елтірінің үлес салмағын 68%-ға гомо­ген­ді жұп­­­тастыру ар­қылы жеткізіп, со­ның нә­ти­же­сінде шаруашылық Одақ бой­­ын­ша социалистік жарыс­та бі­рін­­ш­і орынға ие болып, 1980 жы­лы «көгілдір реңді» қой тұ­қы­­мы­ның гу­р­ьевтік (аты­раулық) зауыттық тү­рі шы­ғарылады. Бұл зерттеу жұ­мыс­та­ры бойынша бірнеше ав­тор­лық куә­лік алынып, 1982 жы­лы авторлар ұжымына, ішінде Х.Үкі­баев бар, ғылым мен техника са­ла­сындағы Мемлекеттік сыйлық бе­рі­леді.

Қазақстанға келгендегі алдына қойған мақ­саты қазақы қой мен қара­көл қойын Сұр­хан­дария сұры­мен будандастырып, жер­гілікті жер­дің климаты мен табиғатына, жайылымы мен шөліне, ұзақ қарлы су­ығына бейім жаңа құйрықты қа­ракөл қойын шығару болатын. Бұл жұмысты ол 1974 жылы Аты­рау облысының Қызылқоға ау­да­нын­дағы құй­рық­ты қазақы қой өсі­­ретін «Қы­зылту» кеңшарында бас­­та­ды. Сұрхандария сұрымен бу­­­дан­дастыра отырып, үшінші са­ты­дағы будан қойларды өзара жұп­­тастырып, негізінен елт­ірілік ба­­ғытта селекциялық зерт­­теулер жүргізді. 1991 жы­­­лы Одақтың мем­лекеттік ко­­мис­сиясының қоры­тын­ды­сы­мен қаракөл қойының Қа­за­қы сұр тұқымды түрі бекіті­ліп, авторлық куәлік алынды да, ел­­тірілері Бүкілодақтық ауыл­ша­руа­шылық көрмесінде жоғары ба­­ға­ла­нып, дарынды ғалым Хис­ме­толла Үкібаевқа көрменің Үлкен алтын бел­гісі берілді.

Шөл және шөлейт аймақта өсі­­рі­летін қара­көл қойы­ның көбеюіне байланыс­ты жайылым тоза бастады, оны тү­бе­гейлі жақсартуда те­рең зерт­­­теулер жүргізілді. Ғы­лы­­ми жұ­мыс­тың кең ауқ­ым­да өндіріске ен­гізілуіне орай Хис­ме­тол­ла Үкібаевқа және бас­қа ға­­лым­дарға Қазақ КСР Мем­ле­кет­тік сыйлығы берілді.

Сұрхандария сұрымен жер­гі­лік­ті қа­зақы қойын будандас­ты­рып, екін­ші сатыдағы будандарды өзара жұп­тастырып, дене бітімін құй­рық­­ты қазақы қойға ұқсастырып, елті­рісін Сұр­­хандария сұрына кел­тіру ба­ғы­­тындағы селекциялық жұ­­мыс­тың нәтижесінде 1998 жылы дү­­ние жү­зінде тең­десі жоқ Атырау, кей­ін­нен қа­зақ­­тың елтірілі, етті-май­­лы, құй­­­рық­­ты қой тұқымы шы­ғарылды. Осы үлкен ғы­лыми еңбектері үшін 2005 жы­лы Ел­басы Н.Ә. Назарбаевтың Жар­лы­­ғымен авторлар ұжымына, оның ішінде Хисметолла Үкі­­баев та бар, Қазақстан Рес­пуб­ликасының ғы­лым, білім жә­не техника сала­сын­дағы мемлекеттік сыйлығы берілді.

«Қаракөл» ғылыми-өнді­ріс­тік бір­лестігінің бас директоры бола жүріп Х.Үкі­баев білім беру мәселесіне ерек­ше көңіл бөлді. Инс­титуттың механикаландыру бөлімінде зауыттық мекеме орталығы тұрғызылып, 112 жылжы­малы қой қорасы, се­ле­к­ция­лық іріктеуге жи­на­ла­т­ын аулалар жа­салып, шо­пан­дарға таратылып, тоз­ған жер­лерді қоршайтын жылжы­малы механикаланған меке­ме ұйымдастырылып, 200 мың гек­тар жер қоршалып, сек­се­уіл, жусан, изен және басқа жабайы өсімдіктер егілді.

Институтта жаңа иммуноге­не­­тика, биотехно­логия, гисто­логия және мор­­фология, кри­­огенді тех­нология, түйе ша­руа­­шылығы механикаландыру бө­лімдері мен зертханалары ұйымдастырылды. 10 ғылым докторы, 55 ғылым кандидаты диссертацияларын қорғады.

Хисметолла Ысқақұлы сек­сен жас­қа ғы­лы­ми шығар­ма­шы­лық ойы то­лысқан, ғұ­лама бі­лімді, жігерлі, кең­пейілді, іс­кер, тын­бай ізденуші, ша­бы­тының шарықтаған шағында же­тіп отыр. Ол өзінің жинаған өмір­лік тәжірибесін тәуелсіз Қазақ­ста­н­­ның өркендей беруі үшін аянбай жұмсай бермек.

Сүндет КӘРІМОВ

Мәскеу