• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Медицина 23 Қараша, 2017

Семейде мүмкіндігі шектеулі жандар көрме ұйымдастырды

701 рет
көрсетілді

Мүгедектер күніне арнал­ған қайырымдылық ай­лы­ғы ая­сында Семейдегі «Жар­қын бо­лашақ» түзеу және оңал­ту орталығының тәрбие­ле­ну­ші­лері Невзоровтар отба­сы атын­дағы мұражайда өз­дері сал­ған суреттер көр­месін ұй­ым­­­дастырды.

Көр­меде тәр­би­еленушілердің фото­су­рет­те­рі, сондай-ақ гуашь тех­ни­ка­сында орындалған шы­ғар­­ма­шылық жұмыстары қой­ыл­ған. Осындай қызықты жә­не үлкен қажырлықты талап ете­тін ғажайып өнерді ба­ла­лар­ға эстетикалық тәрбие бе­ру сек­торының меңгерушісі На­та­лия Белякина жалықпай үйретіп келеді.

– Көрме көрсеткендей, жаңа шы­ғармашылық әдістемелерін пай­далану арқылы аутист бала­ның талантын ашуға мүмкіндік туып отыр, – дейді ол. – Бүгінде балалары­мыз шынайы және көп қыр­лы су­реттерді сала алады. Осы­лай­ша, өздерінің ішкі жан дү­ние­сінің бір қырын ашпақ.

Аутистік ауытқулары бар ба­лалар сұлулықты тама­ша бей­нелейді екен. Өйт­кені аути­ст балалардың тұй­ық бо­ла­тын­­дығы және айна­ла­сын­да­ғы­ларға өз ниетін жеткізе ал­май­тындығы ешкімге құпия емес. Соңдықтан осындай ба­ла­лардың қоршаған әлеммен қа­рым-қатынасын орнатуды су­рет саласындағы арнайы арт-әдіс­тердің көмегімен жүзеге асы­ру керек. Осы әдістерді ор­та­лық қызметкерлері жақсы мең­геріпті.

«Жарқын болашақ» орта­лы­ғы – Семей қаласындағы ау­тистік ауытқуы бар бала­лар­­­ға арналған арнайы маман­дан­­дырылған жалғыз мекеме. «Ере­кше әлем» балалар қоры­ның басшысы Арайлым Әлісжанова. Орта­лық 2015 жылдан бастап жұ­мыс жа­сайды. «Жарқын бо­лашақ» тү­зету және оңалту ор­та­лы­ғы­ның сабақтарына 20 шақ­ты тәрбиеленуші қатысады. Ор­талықта балаларға білім және қор­шаған орта және қоғам туралы түсініктер беріледі. Әр түрлі ойын­дар ойнау, маңызды ойлау жә­не шығармашылыққа жататын іскерлік пен икемділіктерін арттырады.

Раушан НҰҒМАНБЕК, журналист

СЕМЕЙ