• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Қараша, 2017

Павлодарлық студенттерге қоғамдық көлікте жүруге жеңілдік беріледі

291 рет
көрсетілді

Қала әкімі Нұржан Әшімбетов пен «Облыстағы көлік тасымалдаушыларының одағы» ассоциациясының президенті Василий Рудаков павлодарлық студенттерге қоғамдық көлікте тегін жүруге мүмкіндік беретін шартқа қол қойды.

Меморандумға сәйкес техникалық кәсіби білім беретін колледждерде, жоғары оқу орындарында оқитын студенттердің төрт тобы автобустар мен травайларда тегін жүре алады. Олардың қатарында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтамасыз етілген, көп балалы отбасылардың  ұл-қыздары, жетімдер мен І, ІІ топтағы мүгедек студенттер бар. Ал қалғандары «Студенттік жол жүру билетін» сатып алу арқылы қоғамдық көлікте 50 пайыз жеңілдікпен жүру құқығын иеленеді.

- Біздің алатын стипендия үшін бұл  жақсы жеңілдік. Тіпті, қазір 4-5 мың теңге көп ақша болмаса да, бұл ақша асханада тамақ ішуге мүмкіндік, - дейді студенттер.

Бұл құжат 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Енді облыс орталығында білім алып жүрген 20 мыңнан астам студент қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүретіндеріне қуанышты. Облыстық әкімдік Екібастұз, Ақсу қалаларында да студенттердің жеңілдікпен жүру мүмкіндігін қарастыруда.

Фарида Бықай,

«Егемен Қазақстан»

Павлодар