Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының бастамасымен және Президент Әкімшілігінің, Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің қолдауымен өтетін «Рухани жаңғыру – патриотизм негізі» атты ведомствоаралық байқауы жайлы брифинг өтті.
Жиынға ҚР Бас Прокурорының кеңесшісі – аға көмекшісі Нұргүл Қарағойшина, ҚР Қарулы күштері Бас штабы Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы – Қайсар Мұғалов, ҚР Ішкі істер министрлігі Мемлекеттік тіл және департаментінің директоры Алмас Садубаев, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы Әкімшілік құқық департаментінің басқарма бастығы Қуаныш Мырзағали қатысты.
Аталмыш байқауға – Бас прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ішкі істер министрлігі, Қорғаныс министрлігі, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Мемлекеттік күзет қызметі өкілдерінен құрылған 6 команда қатысатынын атап өткен жөн.
«Сайысқа қатысатын командалар 2 айналым бойынша сайысқа түседі. Оның біріншісі - мемлекеттік органның қызметі және рухани жаңғыру аясындағы атқарылып жатқан нақты істерге негізделген таныстыру мен бейнебаян сынды екі бөлімнен тұрса, ал екіншісі – «Рухани жаңғыру – патриотизм негізі» атты сахналандырылған көріністен тұрады. Жеңімпаздарды қоғам қайраткері Мырзатай Жролдасбеков бастаған қазылар алқасы анықтайды», деді Нұргүл Қарағойшина.
Рауан ҚАЙДАР,
«Егемен Қазақстан».