• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
05 Қараша, 2011

Айттан айтқа аман жетуімізді жазсын, ағайын!

607 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Құрбан айт мейрамына байланысты құттықтауы Қымбатты отандастар! Баршаңызды ұлық мереке – Құрбан айт мейрамымен шын жүректен құттық­таймын! Биыл ел Тәуелсіздігінің 20 жылды­ғы­мен орайлас келген мүбәрак мере­ке­нің ор­ны бөлек. Бұл – елдің береке-бірлігін бекемдейтін, қанағат пен қайы­рым­ды­лық­ты арттыратын мейрам. Құр­бан шалу кісіні шүкіршілік пен тәубаға, аманатқа адал­дық пен сертке беріктікке шақырады. Ислам діні барлық істе салиқалылық пен сабырлылыққа үндейді. Адамзаттың ізгі құндылықтарын уағыздайтын ата дініміз шектен шығуға, өзгеге қиянат жа­сау­ға жол бермейді. Ұлысты ұйыс­ты­ра­тын осы ұлағатты дінді халқымыз өз ұлттық дәстүрімен үйлестіріп, ғасырлар бойы бекем ұстанып келеді. Дәстүрлі дініміз Тәуелсіздікпен бірге түлеп, халқымызға қайтып оралды. Бүгінде бейбітшілік белдеуіне айналған Қазақстанда ислам діні кеңінен қанат жайып келеді. Биыл еліміздің күллі мұсылман әле­мін­де беделі зор Ислам Ынты­мақ­тастығы Ұйымына басшылық жасап отыруы – соның айқын айғағы. Ендеше, Алла Тағала баршамыздың айттан айтқа аман жетуімізді жазсын, ағайын! Келешегімізді кемел, жүзімізді жарқын етсін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, бірлігіміз бекем, бауырымыз бү­тін болсын! Құрбан айт мүбәрак болсын! Астана, Ақорда.