• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қазақстан 24 Қараша, 2017

Қостанайда шағын ауылға газ жеткізілді

302 рет
көрсетілді

Қарабалық ауданындағы Ворошилов ауылына газ жеткізілді. Бұл аудан орталығы Қарабалық селосына жақын болғанымен, тұрғындары азайып қалған шағын ауыл болып саналады. Соған қарамастан облыс әкімдігі мен ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арасындағы меморандум аясында шағын ауылдарды да газдандыру ісі жүзеге асып жатыр. Көгілдір отынды қосуға арналған салтанатты шараға Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетов пен «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ бас директорының орынбасары Мұқан Сәдуақасов қатысты.

Аталған нысанның құрылысы барысында 6,9 км тарта көшеаралық газ құбырлары салынды. Елді мекендегі тұрғындар саны 495 адам. Ауылдағы 155 жеке үйдің 49-ы газға қосылған, тағы 4 үйдегі монтаж жұмыстары толығымен аяқталды. Бұған қоса Ворошиловкада 4 дүкен, 1 мектеп пен мәдениет үйі бар.

«ҚазТрансГаз» компаниясы үлкен жұмыс атқарды. Екі жылда облыста 600 км газ құбыры салынады, 50 мыңнан астам тұрғыны бар 8 елді мекенге газ беріледі. Осының арқасында газға қосылған халық саны 10% артады», деді Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетов.

«ҚазТрансГаз» Аймақ АҚ бас директорының орынбасары Мұқан Сәдуақасов Ворошилов ауылынан басқа биыл тағы да осы аудандағы Тоғызақ және Денисов ауданындағы Антонов, Алчанов акуылдары көгілдір отынға қосылатынын айтты.

Нәзира Жәрімбетова

«Егемен Қазақстан»

Қостанай облысы, Қарабалық ауданы