• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 24 Қараша, 2017

Нұрғали Ораз. Кімге керек?

456 рет
көрсетілді

Әдеттегідей Жазушылар одағында тағы да сол тіл мәселесі туралы толғана, тебі­ре­не, ашы­на сөйлеп тұрған академиктің сөзін тың­дап отырмыз.

Өз басым бұл кісінің ұл-қыздарын және олар­­д­ан тараған үрім-бұтағын өте жақсы біле­­мін. Қазақша бір ауыз сөз түсінбейді. Үл­кен қызы университетте бізбен бірге оқы­ған. Әрине, орыс тобында. Одан туған жиен­дері қазір шет­елдерде білім алып жатыр. Ағыл­шын­ша­сы судай, ал қазақшаға келгенде мүлде мақұрым...

Аздан соң академик ағамыз үйіне барып, табалдырықтан аттаған сәттен бастап өз тілін «ұмытады».

Сонда қалай болғаны деймін ғой. Бұл кісі ана тіліміздің бүгінгі аянышты халін біз білмейді деп ойлай ма екен?..

Кенет қарап отырмай, қасымдағы қаламгер ағамыздың құлағына сыбырлап:

– Кімге айтып тұр? – деп сұрадым.

Ағамның түсі лезде бұзылып, маған көзінен от шаша қарап:

– Түсінбей отырсың ба? – деді зілденіп. – Оның ойынша, қазақ тілі мына бізге ғана керек!..

Нұрғали ОРАЗ, «Егемен Қазақстан»