• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қазақстан 24 Қараша, 2017

Ермұхамет Ертісбаев Қазақстанның Беларусьтегі елшісі қызметіне тағайындалды

793 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Ермұхамет Қабиденұлы Ертісбаев Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, ТМД Жарғылық органдарының жанындағы Тұрақты Өкіл қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.  

Ол Қазақстан Республикасының Грузиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды.

Ермұхамет Ертісбаев Қазақстан тәуелсіздік алғанда Қазақстан жоғары кеңесінің депутаты, кейін социалистік партия хатшысы болды. Әр жылдары президент әкімшілігінде әртүрлі қызметтер, министр, бірнеше мәрте президент кеңесшісі міндетін атқарды. Ол 2008 жылы үшінші мәрте президент кеңесшісі қызметіне тағайындалған. Бұл қызметін ол Грузиядағы елші болғанға дейін атқарған