• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Әлем 24 Қараша, 2017

Мысырда терроршылар шабуылынан 200-ден астам адам қаза тапты

322 рет
көрсетілді

Мысырдың Синай жартылай аралының солтүстігінде терроршылардың мешітке шабуылдауынан 235 адам қаза тапты. 

Шабуыл Солтүстік Синай провинциясының астанасы Эль-Аришадан батысқа қарай 30 км қашықтықта Эр-Рауда елді мекенінде, жұма намаз кезінде ұйымдастырылған.

Терроршылар мешітті жол талғамайтын 4 көлікпен қоршап алып, жамылғыш затты намаз оқып жатқан адамдардың ортасына тастап, жарып жіберіп, артынан оларға қарай оқ жаудырған. Хабарламада шабуылдаушылардың жарақат алған адамдарды алып кетуге келген жедел жәрдем көліктеріне де оқ атқандығы айтылады.

Солтүстік Синай провинциясының барлық ауруханалары мен медициналық мекемелерінде төтенше жағдай жарияланды. Ел әскері мен полиция қызметкерлері аймақты тексеру шараларын жүргізіп жатыр.Осы оқиғаға байланысты Мысыр президенті Абдель Фаттах ас-Сиси Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің шұғыл мәжілісін өткізді және оған елдің барлық күш-қуат құрылымдары қатысты. Ішкі істер министрлігі теракт бойынша тексеру жұмыстарын жүргізумен айналысатын арнайы комиссия құрды. Сонымен қатар полиция мешіттер мен шіркеулерді қоса алғанда барлық маңызды мемлекеттік нысандарға күзетті күшейтті. Елде мемлекет басшысының тапсырмасымен террористік акт құрбандары үшін үш күндік аза түту күнін жариялады.