• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Бизнес 26 Қараша, 2017

Оңтүстікте кәсіпкерлер тауарларын нарықтан төмен бағамен сатылымға шығаруда

413 рет
көрсетілді

Баға бақылауда болғанымен, атқарушы билікке бағына бермейтіні жасырын емес. Дегенмен, бүгінде оны тұрақтандыру маңызды.

Бұл орайда, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев азық-түлік тауарлары бағаларын тұрақтандыру және тауар өндірушілер мен диқандарға өз өнімдерін саудалауға мүмкіндік беретін әлеуметтік базар ашу бойынша тапсырма берген болатын. «RIC ON KO’RME» атты жәрмеңкенің жұмыс істей бастауы да осы тапсырманың орындала бастағанын аңғартады. Аталмыш жәрмеңкенің ерекшелігі – тек қана «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығы және «Ырыс» микроқаржы ұйымыарқылы қаржыландырылған тауар өндірушілері өз өнімдерін нарықтан төмен бағада сатуға шығарады. Олар үшін орындар тегін беріліп, сатушыға да, сатып алушыға да барлық жағдай жасалуда. Жәрмеңкенің мақсаты да айқын, яғни ауылшаруашылығы тауарларын халыққа өндіруші бағасымен тікелей қолжетімді ету, кәсіпкерлер, тұтынушылар және компания арасындағы үш жақты бейресми қарым-қатынасты нығайту және жақындату, қаржыландырылған жобалардың өнімдерін танымды болуына ықпал жасау және оларды ілгерілету.

Жәрмеңкеде 35-40 шақты кәсіпкер өз тауарларын нарықтан төмен бағамен сатылымға шығарады. Олардың ішінде азық-түлік: ет және сүт өнімдері, балық және шұжық өнімдері, жеміс-жидек, көкөністер көп. Одан бөлек, жеңіл өнеркәсіптік тауарлар, қолдан жасалған бұйымдар, құрылыс материалдары, сондай-ақ балалар үшін ойыншықтар да бар. Ең бастысы бұлардың бәрі оңтүстікте жасалынған. «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығының Басқарма төрағасы Қуаныш Байтөре және «Ырыс» микроқаржы ұйымының директоры Данияр Арынғазинның айтуынша, енді бұл жәрмеңке əр екі аптада бір рет өткізіліп тұратын болады.

Ғалымжан ЕЛШІБАЙ,

«Егемен Қазақстан».