• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
Қазақстан 26 Қараша, 2017

Қостанайда тез тамақтанатын «Макдональдс» мейрамханасы ашылды

465 рет
көрсетілді

Қостанайдың орталығынан «Макдональдс»  тез тамақтанатын мейрамханасы ашылды.  Қостанайлықтар үшін құлаққа тым жаңа естілетін «Макдональдс»  әлемдік бренд болып саналады. Ол республикада Астана мен Алматыдан кейін  Қостанайда салынды. Жаңа мейрамхананың ашылу салтанатында облыс әкімі Архимед Мұхамбетов жобаның жүзеге асуы  УЕФА комитетінің вице-президенті, белгілі бизнесмен Қайрат Боранбаевтың еңбегі екенін атап өтті. Салтанатқа Қайрат Боранбаевтың өзі де қатысты. 

«Әлемдік брендтің Астана мен Алматыда сегізі салынды, міне тоғызыншы мейрамхана Қостанайда пайдалануға берілді. Бұл оның иесіне 780 миллион теңгеге түсті.   Мейрамханадағы тамақтың бағасы тұтынушылар үшін арзан болады. «Макдональдс» тек Қостанайда ғана емес,  бүкіл елімізде қоғамдық тамақтандыруды дамытуға серпін береді», деді облыс әкімі Архимед Мұхамбетов. 

Қазақстан «Макдональдс»   ашылған 120-шы ел.  Бір жылдың ішінде біз 3 миллион адамға қызмет көрсеттік, 800 жұмыс орнын аштық.  «Макдональдстің» алтын қақпасы  сапа мен  қолжетімділіктің  символын білдіреді», деді Қайрат Боранбаев.

Мамандардың айтуынша, күніне мейрамханадан 400 адам тамақтанады, айына бюджетке 6 миллион теңге түсіретін болады.

Нәзира Жәрімбет

«Егемен Қазақстан»

Қостанай