Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы Қазақстан халқының рухани танымына үлкен қозғау салды. Сол бағдарламаның бір тармағы өлкетануға арналған. Біз шынында осы уақытқа дейін топонимикамызды коммуникативті жүйеде зерттеп келдік.
Енді өлкетануды түркілік, исламдық, ұлттық таным аясында, бүгінгі заман тұрғысынан қарастыруымыз қажет. Осындай игі істердің бастамасы ретінде Жабағылы, Абайыл, Иірсу, Алатау атауларының танымдық және атаудың шығу этимологиясын зерттей отырып, оның тарихымызбен сабақтастығын қарастырсақ. Іздену нәтижесінде Жабағылы, Абайыл сөздерінің шығу этимологиясы Аил емес Ана сөзі екендігіне көз жеткіздік. Абайыл – Түлкібас аумағындағы Түркістан – Сібір темір жол бойындағы станса. Осы жерде қарсы бағыттағы темір жол айрығы салынған.
Сондықтан да Абайыл стансасын «Обгонный пункт» деп те атайды. Қарсы бағытта пойыздың болмауына байланысты машинист жоғарғы жылдамдықпен ертеде паровозды, кейіннен тепловозды, қазіргі уақытта электровоздарды жүргізетіндіктен «басып озар жер» деп те әзілдеп атайды. Бұл жердің тарихи этимологиясын осындай оймен қорытындылағысы келетін адамдар да кездеседі.
Шын мәнінде Абайыл сөзі көне дәуірден басталады. Темір жол салынбаған уақыттан бұрын да, бұл аймақты Абайыл атағандығын тарихтан білуімізге де болады. Негізінен Абайыл мен Жабағылы сөздерінің жазылу емлесіне үңілсек, Абайыл емес Абайы, Жабағылы емес Жабаағлы деп жазылу керек. Қазақ тіліндегі жер-су аттарының жазылу емлесінде зат есімдердің бірігуінен жасалған топонимикалық атауларда дауысты дыбыстардың қатар келуінде ешқандай дауысты дыбыс түспей толық жазылады. Мысалы: Сарыағаш, Мақтаарал.
Енді Абайылдың дұрыс жазылуын дұрыстағаннан кейін, бұл атаудың шығу этимологиясына біраз барлау жасасақ. Бірінші Аба – сөзінің беретін мағынасы туралы «Көне түркі сөздігінде» былай дейді:
1.Аба – мать – ана
2.Аба – отец – әке
3.Аба – медведь – аю деп, Махмуд Қашқаридің көне түркі сөздігінің 55-бетіндегі 12 - 13 - 14 қатарына сілтеме көрсетсе,
4.Аба – родительский предки – ата-тек
5.Аба – междометие – одағай деп Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» шығармасының Герат нұсқасының 100-ші бетінің 21-жолына және 116-бетінің 30-жолына сілтеме жасайды.
Аба сөзіне орта ғасырдағы қос ғұлама да назар аударып көзқарастарын білдірген. Біз осыны назарда ұстай отырып, М.Қашқаридің Аба – медведь – аю деген сөзіне тоқталамыз. Себебі, қазіргі Ақсу-Жабағылы қорығында аюдың қоңыр аю, қара аю, төсі ақ аю деген үш түрі мекендейді. Сондықтан да мұндағы Аба – аю деген мағынадан шығуы мүмкін. Бүгінгі шор халқы аюды (медведь) – апшақ, азып, ада, аба деп атайды. Ал құлынды (жеребенок) – чабаға, чабақ. Алтай халық тілдерінде аю – айу, айузы, маjалай, маjалайы, абагай, абагайы. Мысалы: Абайгайының ичегени – аюдың апаны. Енді Аил сөзіне келсек: алтай тілдерінде үй (дом) – айыл, айлы, айыл-jурт, jтура, jуразы.
Аил
1.У киргизов и алтайцев в прошлом поселек кочевого или полукочевого типа, обычно состоявший из родственников различных степеней. У алтайцев А. называлось и отдельное жилище (юрта или шалаш) с усадьбой.
2.У монгольских народов кочевая семейная группа.
3.В Киргизской ССР сельская административно-территориальная единица. В соответствии с этим сельские Советы Киргизской ССР именуются: ‘аилные и сельские Советы депутатов трудяшихся’.
Большой энциклопедицеский словарь, 2012г.
Аул
Аул (от тат. агыл – традиционное поселение сельского типа, стойбище, община у тюрских народов, а также у других народов Средней Азии и Кавказа.
Ойымызды қорытындылай келе Абаайл сөзінің қазіргі мағынасы ана үйі немесе аналар пірінің мекені. Ал Абағылы сөзінің мағынасы – ана аулы, ана алқабы деп түсінуіміз қажет. Мұндай топонимикалық атауларға Батыс Сібір жеріндегі Новокузнецк қаласынан электричкаға 15 минуттық жердегі Абагур-Лесной елді мекені және Абакан қаласын мысалға келтіруге басталады. Енді бүгіндегі Абағылы сөзінің алдына қыпшақ тіліндегі ж, ю, д дыбыстарының сөйлеу ерекшеліктерінде ж дыбысы қойылып, Абағылы сөзі Жабағылы сөзіне айналған деп болжам жасаймыз.
Жоғарыдағы болжамдар, сөздіктер мен қазіргі түркі тілдеріндегі сөздерді саралай келе, аба сөзінің ең бастапқы Махмұд Қашқари көрсеткен ана, әке деген мағынасына тоқталуды жөн көрдік. Себебі Жабағылы алқабы Иірсу алқабының төменгі жағында жатыр. Сондықтан Тәңіртау (Тянь-Шань), Алатау, Ұлытау – деп атаған түркілер тауды әке, етегі Жабағылы ана, Майлыкент – Ұмайлыкент – әйелдердің пірі. Ал Абайыл – ананың ауылы, көне замандарда аналардың пірі тұрған ауыл болуы мүмкін. Болжамымызға Иірсу, Абағылы, Абайыл, Майлыкент, Майтөбе атауларының бір аумақта қатар орналасуы дәлел болса керек.
Құрманғали ОРАЗБАЕВ