• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
Қазақстан 29 Қараша, 2017

«Балдәурен» балаларды отаншылдыққа баулиды

536 рет
көрсетілді

«Рухани жаңғыру» бағдарламасымен қоғамдық сананы жаңғырту арқылы еліміз дамуының жаңа сапалы деңгейін қалыптастыру  міндеті қойылған. Бұл ретте еліміздегі әрбір азаматтың рухани-адамгершілік деңгейінің қалыптасуына ерекше көңіл бөлінуде. Осыған орай  жақында Білім және ғылым министрлігі «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы мен бірлесіп «Туған жер» бағдарламасы – жалпыұлттық патриотизм негізі» атты республикалық семинар-практикум өткізді.

      G M T     Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский   АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский                     Звуковая функция ограничена 200 символами     Настройки : История : Обратная связь : Donate Закрыть

Аталған шараның басты мақ­са­ты – «Мәңгілік Ел» жалпы­ұлт­тық идеясының мән-мағынасын тү­сіндіру, жас қазақстандықтардың бой­ында отаншылдық сезімін оя­ту және де сананы жаңа сапалы деңгейде жаңғырту. Оның жұ­­мы­сы­на Білім және ғылым ми­нистрлігі Ы.Алтынсарин атын­да­­ғы ҰБА өкіл­­дері, Астана мен Алматы қа­ла­сы және облыс­тық бі­лім бас­қар­маларының жетек­ші­лері, рес­пуб­ликалық білім беру ме­ке­мелерінің басшылары, пән мұға­лім­дері, «Рухани жаңғыру» бағ­дар­ламасының менеджерлері қатысты.

Отырысты сөз сөйлеп ашқан «Балдәурен»  республикалық оқу-сауықтыру орталығының бас ди­рек­­торы Мұхиддин Төлепбай ор­талық жұмысына кеңінен тоқ­талып кетті. Қазіргі таңда ор­та­лық жас буынды патриотизмге тәрбиелеуге ерекше екпін бе­ріп отыр. «Патриотизм мен аза­мат­тық­ты тәрбиелеу идеясы қоғамдық және  ұлттық маңызы бар міндет болып табылады. Негізгі мақсаты Отанға, туған жеріне деген сүйіс­пен­шілік сезімін тәрбиелеу болып табылатын «Туған жер» пат­ри­оттық бағдарламасы – біз үшін ерек­­ше маңызға ие», деп атап өтті Мұхиддин Бекболатұлы.

Жалпы, «Балдәурен» РОСО жы­лына 5 мыңнан аса бала қа­был­дайтын Қазақстандағы жал­ғыз оқу-сауықтыру орталығы. Мем­лекет басшысының тапсырма­сы­мен 2002 жылы құрылған Орта­лық 15 жылдан бері өскелең ұр­пақ­қа патриоттық тәрбие беру бой­ынша үлкен жұмыс атқарып ке­леді. Бұндағы ең маңызды оқи­ға 2016 жылғы ақпан айында Жас қа­зақстандық патриоттар ака­де­миясының құрылуы. Содан бер­гі уақыт аралығында еліміз өңір­леріндегі 1358 балаға осындай құр­метті атақ беріліп отыр. Бұл рет­те өткен жылы ашылған «Бал­дәу­­рен – Қапшағай» филиалында кво­­та бойынша 2 мыңнан аса бала сау­ықтырылғандығын да атай кеткен орынды.

Алқалы жиында Еуразия ұлт­­тық университеті тарих фа­ку­ль­­те­тінің деканы Тілеген Садықов «Рухани жаңғыру» – табысты ел болуымыздың ке­пілі» тақырыбында ой қозғады. «Ел­басы ұлттық сананы жаңғырту мақ­сатында бірінші рет ғылыми ай­налымға ұлттық код деген түсі­нікті енгізді. Ұлттық код де­ге­ні­міз – сіз бен біздің бүгінгі тір­­­­­ші­лі­гіміз. Қазақтың әлемдік дең­­­­гей­і­нің көтерілгені осы ұлттық код ар­қылы көрінеді», деді Тілеген Са­­­дықұлы.

Білім және ғылым министрлігі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүргізіп отырған «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының менеджері Лада Барон соңғы бес айда сананы жаңғырту бойынша елімізде қыруар жұмыстар ат­қа­рыл­ғандығына назар аударт­ты. Бі­лім мекемелерінде отан­сүй­гіш­тік пен азаматтыққа тәр­би­елеу жұ­мыс­та­­рын тілге тиек еткен Л.Ба­­рон қа­зіргі өскелең ұрпақ бой­­ына «мен елім үшін не істей ала­­мын?», деген қа­­ғиданы сіңіру қа­­жет екендігін ерекше атады.

Жалпы, семинар жұмысы пән­дік-тәжірибелік бағытта өрбіді. Тал­қылау барысында оқыту-тәр­бие жұмысының тиімділігін арт­ты­рудың тетіктерін қалай іске қосу ке­ректігі жөніндегі мәселелердің жау­абы сараланды. Ал панельдік сек­цияларда «Рухани жаңғыру» бағ­дарламасының маңызды ба­ғыт­­­та­рын іске асыру жолдары қа­ралып, үнқатысу алаңдарында жан-жақты талқылау тезіне айналды.

 

Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»

Ақмола облысы