Батыс Қазақстан облыстық соты облыс әкімдігімен бірлесе отырып «Медиацияға сандық технологиялар арқылы қол жеткізу» электрондық сервисі пилоттық жобасын жасады, деп хабарлайды Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі.
Жоба «Сандық Қазақстан» мемлекеттік бағдарлама аясында әзірленген және өңірде медиацияны дамытуға жағдай жасауға бағытталған, атап айтқанда халықтың барлық топтарына қол жетімді медиаторлар қызметіне жүгінуге жағдай жасайды.
Бірінші кезеңде электронды сервисі №1 халыққа қызмет көрсету Орталығында іске қосылды және ол жеке кабинетке кіруге мүмкіндігі бар, сонымен қатар өтінімдерді бақылай алатын, пайдаланушылар үшін өтінімнің жүргізу кестесін жүргізетін ХҚКО-ның қызметкері мен тікелей медиаторларға ғана қол жетімді. ХҚКО-на келуші медиаторға онлайн-өтінімді ХҚКО-ның қызметкеріне бару арқылы соның ішінде ХҚКО–ның ғимаратында беруге алады.
ХҚКО-ның қызметкері автоматтандырылған жүйе арқылы қолданыстағы кәсіби және кәсіби емес медиаторлар тізіліміне өтінішті жолдайды. Қай медиатор өтінімді бірінші болып қабылдаса, жазылу соның қабылдауына жазылады, бұл ретте, оның мамандануы мен даудың санатына байланысты шешімді медиатордың өзі қабылдайды. Тіркеуден кейін ХҚКО-ның қызметкері жүгінген адамға медиатордың аты-жөні, мекен-жайы және қабылдау уақытын хабардар ете отырып талон береді. Электрондық сервистің қызметі азаматтар мен медиаторлардың белсенділігіне тәуелді болады.
Екінші кезең 2018 жылдан басталады. Келесі жылдан бастап портал құру арқылы аталған сервисті барлық азаматтар үшін жалпы қолжетімділік деңгейіне шығару жоспарланып отыр. Сервис дербес гаджеттер және смартфондарда жүктеу және орнату мүмкін болатын мобильдік қосымшасында қолжетімді болады.
Медиаторларға оңайлатылған қолжетімділік медиаторды таңдау үшін іздеуге кететін уақыт шығындарын, сондай-ақ, құжаттармен әуре сарсаңға түсуді, соттық дауларды болдырмайды және құқық қорғау органдарының жұмысын қысқартады.
Барлық салада жаңа технологияларды енгізу өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған, демек, осындай жобаның арқасында азаматтар мәселесін тез, тиімді және үлкен шығындарсыз шешуге негіз болады. Алдағы уақытта тұрғындар даулы жағдайларды үйреншікті түрде - соттарда емес, медиаторлардың қызметін пайдалану арқылы шешудің қаншалықты ыңғайлы және тиімді екеніне көз жеткізе алады.