• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Қараша, 2017

Діни экстремизммен күрес мәселесі талқыланды

309 рет
көрсетілді

Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Берік Арынның төрағалығымен ведомство жанындағы Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Оған діни бірлестіктердің, Қазақстан халқы Ассамблеясының, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сонымен қатар дінтанушы-ғалымдар, қоғам қайраткерлері қатысты.

Кездесу барысында аймақтық ДІБ және дін проблемаларын зерттеу орталықтарымен жүргізіліп жатқан ақпараттық-түсіндіру жұмыстары туралы, сондай-ақ Павлодар облысының дін істері және Қызылорда облысының ішкі саясат басқармалары басшыларының аймақтық ақпараттық-түсіндірме топтарының жұмысы туралы есептері тыңдалды.

Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің өкілдері тұрғындар арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын өткізудің маңыздылығын атап өтті. Олардың айтуынша, шара барысында халықтың кең ауқымды әлеуметтік топтарына, бірінші кезекте жастардың түрлі санаттарына деструктивті және радикалды діни ағымдардың жағымсыз мәнін, қаупін аша отырып жастардың бойында жат идеологияға қарсы иммунитет қалыптастыру бойынша алдын алу шаралары қабылдануда.

Жиын соңында кеңес мүшелері көтерілген мәселелер туралы тұрғындармен ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізудің тиімділігін арттыру, діни экстремизм мен радикализмнің алдын алу үшін үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін пайдалану бағытында бірқатар ұсыныстар жасады.