• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
Қазақстан 29 Қараша, 2017

Мұз қалашықтары мен қысқы бақ ашылды

868 рет
көрсетілді

Жаңа жылды мерекелеу қарсаңында елорда тұрғындары мен қонақтарының демалысын ұйымдастыру үшін 3 мұз қалашығы мен Астаналық саябақ аумағында қысқы ойын-сауық бағы ашылады. 

      G M T     Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский   АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский                     Звуковая функция ограничена 200 символами     Настройки : История : Обратная связь : Donate Закрыть

Ағымдағы жылы басты үш мұз қалашығын безендіру­дің тұжырымдамасы мен но­байлары әзірленген. Негізгі және ең үлкен мұз қалашығы биыл ЭКСПО көрмесінің аума­ғын­да орналасқан. Мұзай­­­ды­нын безендірудің негізгі тұ­жы­­рымдамасы ретінде «ЭКСПО-2017: Болашақ энергия­сы» көр­месі таңдалды, сондай-ақ дү­ниежүзілік көрмелер тари­хындағы аса танымал сәулеттік символдар бойынша өзіндік тур өткізу идеясы туындады. Мысалы, биыл Астанадағы мұз қалашығының қонақтары 1851 жылғы дүниежүзілік көрмеде Лондондағы Гайд-паркте салынған Хрусталь сарай­дың фрагментін, 1889 жыл­ғы дүние­жүзілік көрменің кіре­бері­сіндегі арка болған, П­а­риж­дің символына айналған Эй­фель мұнарасын және т.б. тамашалай алады.

«Бұдан бөлек, ересектерге арналған екі сырғанақ жасалады. Олардың биіктіктері – 5 метр, ал ұзындықтары 40 метр бола­д­ы. Балаларға арналған екі сыр­ғанақтың биіктігі – 2,5 метр, ал ұзындықтары – 14 метр. Қала­шықта мұздан жасалған шырша композициялары, танымал кинокомикстер мен мультфильм­дер кейіпкерлерінің мүсін­дері, Дисней лэнд сарайы мен футуристік стильде орнатылған мұз мұнаралар, сонымен қатар түрлі-түсті мұздан Аяз Ата мен Ақшақардың мүсіндері, түрлі жарық-иллюминациялық шағын архитектуралық пішіндер жасалады», дейді қалалық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы мамандары.

Жарық-динамикалық жа­рық­тандырылған мұздан жасалған лабиринт кішкентай қонақтардың ерекше қызығу­шылығын тудырмақ. Оның ұзын­дығы 80 метрден асады. Мұны­мен қоса, 2018 жыл қар­саңында еліміздің бас шыршасы да «Нұр Әлем» сферасының маңында орналасады.

Ұйымдастырушылардың мә­лі­метінше, тағы бір мұз қала­шығы қалалық әкімдік алдын­дағы алаңда ашылады. Онда да ЭКСПО аумағындағыдай үлкен және екі кішкентай сырғанақ болады. Мұнымен қоса мұздан Аяз Ата мен Ақшақардың мүсін­дері, Шығыс күнтізбесіндегі шоқжұлдыздардағы 12 жануар­дың фигуралары қойылады.

Үшінші мұз қалашығы «Сту­денттік» саябақта орнала­сады. Мұнда да үлкен сыр­ға­нақ жасалады. Астана тұрғын­­дары мен қонақтарына арнал­­ған мұз қалашықтар 18 желтоқ­сан­нан бастап ашылады деп жоспарланған.

Сонымен қатар Жаңа жыл жақындағанда Астаналық сая­бақ аумағынан елорда тұрғын­дары мен қонақтары үшін Аяз Ата резиденциясы ашылмақ. Келушілердің барлығы оны­мен суретке түсіп, ізгі тілек­терін тыңдау мүмкіндігіне ие бола­ды. Резиденция 7-10 қаңтарда жұмыс күндері сағат 18.00-ден бастап, ал демалыс күндері сағат 12.00-ден бастап жұмыс істейді. Резиденцияға кіру бағасы шамамен 1000 теңгені құрайды. Тұрмысы төмен отбасылар балалары үшін резиденцияға кіру тегін.

 

Асхат РАЙҚҰЛ,

«Егемен Қазақстан»