• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Желтоқсан, 2017

Қостанайда ерлік көрсеткен полицейге пәтер кілті тапсырылды

211 рет
көрсетілді

Тұңғыш Президент күні мерекесі қарсаңында «БК-Строй» құрылыс компаниясының директоры Игорь Ким полиция капитаны Берік Кеңесбаевтың отбасына жаңа үйден  екі бөлмелі пәтердің кілтін тапсырды. Бұл жөніндегі шешім Облыстық ішкі істер департаментіндегі  комиссия отырысында бір ауыздан қабылданды.

Облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Мереке Алшағыровтың айтуынша,  мұндай шешім үшін дауыс беру  Ішкі істер департмаменті бөлімі ардагерлерінің,  департмамент қызметкерлері мен жетекшілерінің  қатысуымен ашық   өтті. Қостанай қалалық ішкі істер басқармасы әкімшілік полициясы бөлімінің қызметкері Берік Кеңесбаев 2012 жылы «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған болатын. Сол жылы облыстық «Жастардың Алтын кітабына» есімі енгізілді.  Мұндай биік баға Берікке өзінің әріптестері  Ерік Қоянбаев, Ерлан Жасәділмен бірге  үш қызды судан құтқарғаны үшін берілген болатын. Полицей қазір Астана қаласындағы онкологиялық клиникада емделіп жүр. Ол екі ұлы, әйелімен қарт ата-анасымен бірге тұрады, өзінің баспанасы жоқ.

«Біз өмірдің қиын сәттерінде полицейлер мен олардың отбасын қиын жағдайда қалдырмаймыз. Көп жылғы дәстүр бойынша қызметтік тапсырма кезінде мерт болған полицейлердің отбасына, ардагерлерге көмек беріп отырамыз. Бұл біздің парызымыз», деді Мереке Алгшағыров.   

Полицейдің әкесі Мейрам Кеңесбаев кәсіпкер Игорь Романович Кимге, Облыстық ішкі істер департаментінің бастығы Бекет Аймағамбетовке және ішкі істер органының жеке құрамына үлгілі ұлының еңбегін бағалағаны үшін алғыс айтты.

Нәзира Жәрімбетова,

«Егемен Қазақстан»

 ҚОСТАНАЙ