• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
11 Қараша, 2011

Халыққа қызмет – абыройлы міндет

366 рет
көрсетілді

Үстіміздегі жылдың наурыз айынан бастап халыққа қыз­­мет көрсету орталықтары Байланыс және ақпарат ми­нистр­лігінің құрамына берілді. Мекеме жұмысына жаңа­шыл­дық енгізіліп, халық игілігіне жарамды көптеген бастамалар іске асырыла бастап, қазіргі күннің өзінде жемісін беруде. Оның нақ­ты көрінісін Алматы қаласы, Бостан­дық ауда­ны­ның ха­лық­қа қызмет көрсету орталығында көз жеткізуге болады. Атап айтар болсақ, электронды үкімет бағдарла­масын жүзеге асыру және электронды мемлекеттік қыз­меттерді қол­данушылар санын арттыру үшін біздің Орталықта «электронды үкімет бұрышы» кеңінен наси­хаттық және түсіндірмелік жұмыстар­ды жүргізеді. Ор­та­лыққа келген әрбір адамға электрон­ды сандық кілттерді беру, оны пайдалану, электрон­ды үкіметтің мүм­кіндіктері туралы ақ­паратты бізден біле аласыздар. Ор­талықта тек мемлекеттік қызмет түрін алуға ғана емес, бизнес алаңда іскерлік іс-шараларыңызды ұйымдас­тыру­ға барлық жағдай жасалынған, қажетті құрал-жабдықтары бар орын мен Wi-Fi желісі қосылған компьютер бар. Шілде айынан бастап модернизациялау жұмыс­тары басталған Орталықта бүгінгі таңда барлық жұ­мыстар аяқ­талып, келушілердің көзін қуантуда. Модернизациялау жос­парына сәйкес, халыққа қызмет ұсы­ну қызметіндегі үз­дік үлгі болып есептелетін кедер­гісіз, тосқауылсыз қыз­мет көрсету қағидаты енгізілді. Жаңа жиһаз бен құрал-жаб­дықтар орналасқан Орталыққа келген әрбір азамат өзін нағыз жұлдыз ретінде сезінуге мүмкіндік алады. Оған қоса Орталық­тың барлық қызметкері жаңа бастама­ға сай жұмыс атқарып, ХҚКО қызметкер­лерінің мәде­ниеті мен этикасы ережесіне сәйкес сыпайылық, әдеп­ті­лік, жан-жақты көмек­ке әзірлік ұстанымы бойынша жұмыс істейді. Алматы қаласы, Бостандық ауданының халыққа қыз­мет көрсету орталығында халыққа сапалы әрі уақтылы қызмет көрсету жолындағы бастамалардың бірі – Қа­зақстан Республикасы халқына мемлекеттік орган­дардың қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатындағы, мемлекеттік органдарға азаматтардың өтініштерін қабылдау және жолдау тәртібі ұйымдастырылуы. Яғни, әрбір азамат орта­лық мемлекеттік органға өз өтінішін жолдағысы келсе, электронды сандық қолтаңбасы бар кілтті алып, өті­ніш­терді қабылдайтын қызметкерлерге барып жолығуына бола­ды. Орталық халық пен мемлекеттік органдар арасын­дағы дәнекерлік, кеңселік міндеттерді орындаушы міндеттерін абыроймен атқаруда. Сонымен қатар, алдағы уа­қыт­та оn-line режімінде мемлекеттік органдармен және министрліктермен байланыс жүргізуді іске асыру жоспарлануда. Қала халқының ыңғайына орай, сонымен қоса кәсіп­керлік пен бизнес құрылымдарының дамуына үлес қо­су мақсатында Алматы қаласы, Бостандық ауданының халыққа қызмет көрсету орталығы мен «Қазком­мерц­банк» АҚ арасында келісім жасалды. Төле би мен Бай­зақов көшелері, Әл-Фараби мен Желтоқсан көшелері қиы­лысында орналас­қан банктің бөлімшелерінде, сон­дай-ақ «ЦеснаБанк» АҚ-тың Әл-Фараби мен Желтоқсан көше­лері қиылысында ор­на­ласқан «Нұрлы Тау» кешенінде «икемді» орталықтар ашыл­ды. Бұған қосымша Бостандық ауданының салық басқар­масында egov.kz үкімет порталы арқылы төлемдер жүргізу, кәсіпкер­лік­пен айналысатын адамдарға кабинеттерге жүгіру орны­на, компьютер пернелері арқылы қызмет алу мүмкін­діктерін түсіндіру, бизнеске қолайлы жағдай туғызу, сонымен бірге салық төлеуші азаматтардың үйінде оты­рып салық төлеу, мемлекеттік қызмет алуды түсіндіру және үйрету үшін арнайы пункттер іске қосылды. Бұл жаһандану үдерісі мен техника және технологиялар қарқынды даму уақытында қазақ елінің көштен қал­май, дамыған елдермен терезесі тең болу үшін жаса­лы­нып жатқан шаралар. Оның үстіне артық қағазбас­тылық пен әуре-сарсаң, бюрократиялық кедергілер мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттал­ған ең тиімді жұмыс. Біздің орталық арқылы қазіргі уақытта 20-дан астам мемлекеттік қызмет түрлері көрсетіледі. Біз әрдайым халық үшін қызмет көрсетуге әзірміз. Әсел МАМАЖАНОВА,  Алматы қаласы, Бостандық ауданының халыққа қызмет көрсету орталығының бастығы.