• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
11 Қараша, 2011

Мәжілісті тарату туралы ұсыныс жасалды

360 рет
көрсетілді

Кеше Парламент Мәжілісінде баспасөз мәслихаты болып, онда депутаттар Нұртай Сабильянов пен Виктор Рогалев бір топ депутаттардың Мәжіліс және мәслихаттар депутаттары­ның сайлауын мерзімінен бұрын өткізу туралы Қазақстан Респуб­ли­касы Президенті Н.Назарбаевтың атына жасаған үндеуін жариялады. Үндеуде сайлауды мерзімінен бұрын өткізудің себептері ай­тыл­ған. Бүгінгі күні қоғамда парламенттік сайлауды алдын-ала өт­­кізу қажеттілігі жөніндегі мәселе қызу талқылануда. Қолданыстағы заңнама Парламент Мәжілісі де­путаттары Мемлекет басшысы­ның атына Мәжілісті мерзімінен бұрын тарату туралы үндеу жол­дауына мүмкіндік береді. Қоғам­дық пікірді ескеріп әрі алдын-ала сайлау өткізуді негіздейтін бір­қ­а­тар дәйектерді басшылыққа ала отырып, біз төмендегі себептерге байланысты Мәжіліс пен мәс­ли­хат депутаттарын мерзімінен бұ­­рын өткізуді қалаймыз, делінген үндеуде. Одан әрі үндеуді оқыған депутат Н.Сабильянов келтірілген себептерді ежелеп көрсетті. Біріншіден, деді ол, ал­ды­мыз­дағы жылы әлемдік қар­жы-экономикалық дағдарыстың жаңа толқыны болады деп күті­луде. Оның сипаты мен ауқымын болжап білу қиын әрі ол Қа­зақстан экономикасына да теріс әсерін тигізуі мүмкін. Осыған байла­­ныс­ты Қазақстанда сайлау циклін әлемдік экономикалық дағдарыс басталғанға дейін жедел өткізу маңызды. Ол бүкіл мемлекеттік органдардың, Үкі­мет пен Парла­менттің сайлау өт­кізуге алаңда­май, дағдарысқа қар­сы шаралар­ды іске асыруға жаппай жұмы­луына мүмкіндік береді. Екіншіден, қазіргі әлемді тұ­рақсыздық жайлап барады. Еуро­паның өзінде осы уақытқа дейін тұрақтылығы берік болып келген тұтас мемлекеттер айтар­лықтай экономикалық дағдарыс­ты бастан өткеруде. Бізде ұстан­ған ба­ғыт­тың дұрыстығының ар­қа­сын­да ғана экономиканың тұ­рақты даму қар­­қыны сақталуда және әлеуметтік жаңғыру жүзеге асуда. Сайлау цикл­дарын жедел өткізу осынау үрдісті сақтауға, жүргі­зі­ліп жат­­­қан саясаттың са­бақ­тас­тығын жал­ғас­­ты­руға мүм­кін­дік бере отырып, даму тен­ден­ция­сы­ның сақталуын одан әрі қам­тамасыз ететін болады. Үш­ін­шіден, Қазақстан 2011 жылы ел Тәу­елсіздігінің 20 жыл­­­­дығын атап өтеді. Бұл ел да­му­ындағы маңызды белес. Келесі жылы Қазақстан өз дамуының нақты жаңа кезеңіне қадам ба­сады. Сон­дықтан оны жаңа, жа­ңар­­тыл­ған Үкіметпен және Парламентпен бастаудың символдық мәні зор. Төртіншіден, қолданыстағы заң­намаға сәйкес сайлау қо­ры­тын­ды­сына қарамастан келесі Мәжіліс кемінде екі саяси партиядан жа­сақ­талады. Осыған бай­ла­нысты көппартиялы Парламентті жасақ­тауға мүмкіндік беретін демо­кра­тиялық тетікті көп кешіктірмей іске асырған жөн. Бұл қадам Қа­зақ­станның көппар­тиялық және саяси плюрализм идеяларына адал­дығын білдіреді. Бесіншіден, келесі жы­лы Мә­жі­ліс пен мәслихаттар де­пу­тат­та­ры­ның сайлауын өткізу мерзімі басталады. Оны үйлес­ті­ріп, бір мез­­гілде өткізген жөн. Бұл әлем­­дік дағдарыс жағдайын­да сайлау циклін ұзақ мерзімге созбауға жағ­дай туғызады. Оған қоса бұл шара сайлауды ұйым­дас­тыруға жә­не өт­кізуге жұмса­латын бюджет шығы­нын айтар­лықтай азай­туға мүмкіндік береді. ымды индустриялық-иннова­ция­лық даму бағдарламасы жү­зеге асырылуда. Парламент ал­дында осы бағдарламаның іске асырылуын заңнамалық тұрғы­дан қамтамасыз етудің үлкен міндеттері тұр. Осыған байланысты жаңа депутаттық корпус жа­сақтау бұл міндетті орындау үшін маңызды. Үндеудің қорытындысында депутаттар Елбасына осы айт­қандарды ескере отырып, Қазақ­стан Республикасы Парламентті Мәжілісінің төртінші шақыры­лымы мен мәслихаттарды тарату және Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын белгілеу туралы Қазақ­стан Республикасы Президен­тінің Жарлығын шығару жөнінде ұсыныс жасайтындарын жария етті. Ал қалған әріптестерін үндеуді қолдауға шақырды. Мемлекет пен халықтың биік мұрат­тарын еске алып жасалғандықтан бұл шешім сайлаушыларымыз бен халықаралық қауымдастық тарапынан қолдау табар деген сенімдеміз деп қорытты өздерінің сөздерін депутаттар. Үндеуге 53 депутат қол қойыпты. Бірақ қалғандарының да қолдайтынына Н.Сабильянов пен В.Рогалев сенімді екендіктерін айтты. Журналистердің сұ­рақ­тарына берген жауапта­рында олар тек үш-ақ күннің ішінде осынша қол жинаған­дарын жеткізді. Сонымен бірге қаралып үлгермеген заң жоба­лары тиісті заңға сәйкес Сенат­тың қарауына өтетіндігі, бұл ұсыныс қолдау тапқан жағдайда сайлау өткенше Сенат Мәжілістің функ­­­­­цияларын орын­дай­тындығы белгілі болды. Жақсыбай САМРАТ.