• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Желтоқсан, 2017

Ж.Түймебаев жұмыс сапарымен Арыс қаласы, Саналы ауылына борды

855 рет
көрсетілді

Мемлекеттің көмек арқылы екі қолына күрек тапқандардың қатары көбейіп келеді деп хабарлайды «Egemen.kz» тілшісі.

Арыс қаласы, Саналы ауылында жұмыс сапарымен болған облыс әкімі Ж.Түймебаев «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы арқылы 4 млн. теңге несие алып, жұмысын бастаған ауыл тұрғыны Ғанижан Айтуаровтың шаруашылығында болды.

Бүгінде кәсіпкер бар қаржысына 16 бас ірі қара алып, сүт, айран, сары май, ірімшік, ет өндіруді жолға қойған. Шаруаның жұмысына қаныққан аймақ басшысы осы бағыттағы жұмыстарды одан әрмен қарай дамыта беруін айтып, атқарылған іске оң бағасын берді.

Мемлекеттік көмекті пайдаланып, шаруашылығын дөңгелетіп ұстап отырған шаруалардың қатары осылайша көбейіп келеді.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан».

Оңтүстік Қазақстан облысы.