• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Президент 29 Желтоқсан, 2017

Нұрсұлтан Назарбаевтың атына кең ауқымды хаттар келіп түсті

393 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күнін және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу­ге орай Нұрсұлтан Назарбаевтың атына шет мемлекеттер басшыларынан, халықаралық ұйымдардан, шетелдік және Қазақстанның мемлекеттік, қоғамдық және іскерлік ұйымдарының жетекшілерінен, зиялы қауым өкілдерінен, сондай-ақ Қазақстан азаматтарынан кең ауқымды хаттар келіп түсті. 

 

Мемлекет басшының атына Ресей Президенті Владимир Путин, Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин, Америка Құрама Штаттарының Президенті Дональд Трамп, Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған, Германия Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер, Франция Президенті Эмманюэль Макрон, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээн­беков, Тәжікстан Президенті Эмо­мали Рахмон, Түрікменстан Пре­­зи­денті Гурбангулы Берды­мұхамедов, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Әзер­байжан Президенті Ильхам Әлиев, Армения Президенті Серж Саргсян, Украина Президенті Петр По­рошенко, Грузия Президенті Гиор­гий Маргвелашвили, Молдова Президенті Игорь Додон, Иран Пре­зиденті Хасан Рухани, Үндістан Пре­зиденті Рам Натх Ковинд, Пәкістан Президенті Мамнун Ху­сейн, Индонезия Президенті Джоко Видодо, Біріккен Араб Әмірліктері Президенті Халифа бен Заид Әл Нахаян, Аустрия Президенті Александр Ван дер Беллен, Италия Президенті Серджо Маттарелла, Польша Президенті Анджей Дуда, Швейцария Президенті Дорис Лёйтхард, Венгрия Президенті Янош Адер, Сербия Президенті Александр Вучич, Словакия Президенті Андрей Киска, Хорватия Президенті Колинда Грабар-Китарович, Финляндия Президенті Саули Ниинистё, Грекия Президенті Прокопис Павлопулос, Болгария Президенті Румен Радев, Сингапур Президенті Халима Якоб, Мексика Президенті  Энрике Пенья Ньето, Моңғолия Президенті Халтмаагийн Баттулга, Куба Республикасы Министрлер кеңесінің және Мемлекеттік кеңесінің төрағасы Рауль Кастро Рус, Бельгия королі Филипп, Испания королі VI Фелипе, Нидерланд королі Виллем-Александр, Жапония императоры Акихито, Швеция королі Карл XVI Густав, Сауд Арабиясының королі Салман бен Абдуләзиз Әл Сауд, Марокко королі VI Мұхаммед, Бруней сұлтаны Хаджи Хассанал Болкиах, Біріккен Араб Әмірліктерінің вице-президенті, Премьер-Министрі, Дубай әмірлігінің билеушісі шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мақтум, Әбу-Дабидің мұрагер ханзадасы, Біріккен Араб Әмірліктері Қарулы күштерінің Жоғарғы бас қолбасшысының орынбасары шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян; 

Президент, мұрагер ханзада, Сауд Арабиясы Корольдігінің Ми­нистрлер кеңесі төрағасының орын­басары, қорғаныс минис­трі Мұхаммед бен Салман бен Абдуләзиз Әл Сауд, Австра­лия­ның генерал-губернаторы Питер Косгроув және Канаданың генерал-губернаторы Жули Пайетт құттықтау хаттарын жолдады. 

Шетел мемлекеттері мен үкі­меттері басшыларының құттықтау жеделхаттарында Қазақстан Республикасының жүйелі дамуы атап өтілген, ел Президенті Нұр­сұлтан Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы, елдің халықаралық аренадағы беделін бекітудегі рөлі айрықша көрсетілген.

Нұрсұлтан Назарбаевтың бейбітшілік пен тұрақтылықты сақ­таудағы, сондай-ақ ынты­мақ­тастықты мемлекетаралық деңгейде жолға қою және дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасаудағы үлесіне халықаралық ұйымдардың басшылары мен өкілдерінің хаттары мен жеделхаттарында жоғары баға берілген. Солардың қатарында БҰҰ Бас хатшысы А.Гутерриштің, ҰҚШҰ Бас хатшысы Ю.Хачатуровтың, ШЫҰ Бас хатшысы  Р.Алимовтың, Түр­кі тілдес мемлекеттердің ынты­мақ­тастық кеңесінің Бас хат­шысы Р.Гасановтың, Түрік мә­де­ниеті халықаралық ұйымының Бас хатшысы Д.Қасейіновтің, Жал­пыға ортақ кәсіподақтар конфе­дерациясының Бас хатшысы В.Щербаковтың, ТМД Ат­қа­рушы комитетінің төрағасы – Атқарушы хатшысы С.Лебедев­тің, Мемлекетаралық авиация ко­митетінің төрағасы Т.Аноди­на­ның, Парламентаралық ассамб­леялар кеңесінің Бас хатшысы лауазымын уақытша атқарушы С.Антуфьевтің құттықтау хаттары бар. 

Құттықтау мазмұнындағы көптеген хаттар мен жеделхаттар шетелдік және отандық өндірістік ұжымдардан келіп түсті. Атап айтқанда, «Теңізшевройл» ЖШС басшылары Т.Этчинсон мен М.Мұқашевтан, «Эни» ком­па­нияларының бас атқарушы директоры К.Дискальциден, «Шеврон» корпорациясының еуразиялық бөлімшесінің басқарушы дирек­торы Т. Миллерден, Еуразия­лық топ басшылары А.Машке­вич­тен, П.Шодиевтен және А.Ибра­ги­мовтан, «Астана ӘӘК» басқарма төрағасы Т.Зейну­лин­нен, «Еуразиялық  банк» АҚ басқарма төрағасы П.Ло­ги­нов­тан, «Польфарма» АҚ Ба­қылау ке­ңесінің төрағасы Е.Ста­рактан, «Kazzinc Holdings» ЖШС директорлар кеңесінің төр­ағасы Н. Поповичтен, «Қазақ­станның халық банкі» АҚ бас­шы­лары Ү.Шаяхметова мен А.Пав­ловтан, «Астана» халық­аралық қаржы орталығының бас­қа­рушысы Қ.Келімбетовтен, «Мабетекс» ком­паниясының басшысы Б.Паколлиден, «Өскемен титан-маг­ний комбинаты» АҚ пре­зиден­ті Ә.Мамытовадан, «ALTYN COMPANY» ЖШС дирек­торы Д.Әбдірашқызынан және «Ас­тана-Бизнес» ЖШС директоры Ф.Абитаевадан құт­тықтаулар келді. 

«Теңізшевройл» ЖШС бас директоры Т.Этчинсон өз хатында Нұрсұлтан Назарбаевтың бас­шылығымен демократия қағи­дат­тарымен өмір сүретін құқық­тық мемлекеттің берік ірге­тасы жасалғанын атап өткен. «Біз компаниямыздың бастауында әрдайым Сіз – Тәуел­сіз Қазақстанның Тұңғыш Прези­денті тұрғанын мақтан тұтамыз. Сіздің ерік-жігеріңіз бен сая­саты­ң­ыздың арқасында Қазақстанға көптеген шетелдік инвесторлар тар­тылды», делінген хатта. 

«Kazzinс Holdings» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы Н.Попович өз хатында компания ұжымының атынан Қазақстанның сенімді және мақсатты дамуын, тә­уелсіздік жолындағы қоғамдық-саяси және экономикалық құры­лыс­тың барлық саласындағы елеу­лі нәтижелерін атап өткен. 

Өзінің құттықтауларын, сон­дай-ақ Рим Папасы Франциск, РФ Мұсылмандары рухани бас­қар­масының және Ресей Мүфтилер кеңесінің төрағасы, РФ Президенті жанындағы Діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің мүшесі Мүфти шейх Равиль Гайнутдинов, Жоғарғы патриарх және бүкіл армяндардың католикосы ІІ Гарегин жолдады. 

Мерекелік хаттардың үлкен бір бөлігі Ресей Федерациясынан келіп түсті. Атап айтқанда, Мем­лекет басшысын Татарстан Рес­пуб­ликасының Пре­зиденті Р.Мин­ниханов, Ин­гуше­тия Респуб­ли­касының басшысы Ю.Евкуров, Астрахань облысының губернаторы А.Жилкин, Пенза об­лысының губернаторы И.Бе­лозерцев, Ресей Сыртқы барлау қыз­метінің директоры С.Нарыш­кин, Ресей Сбер­банкі басқар­ма­сының төрағасы Г.Греф, «Русс­Нефть» ҰК» КАҚ ди­рек­тор­лар кеңесінің төрағасы М.Гу­це­риев, «Мир» МТРК төр­ағасы Р.Ба­тыр­шин мен Мәскеу қа­ла­сында тұратын қазақстандық бір топ ардагер құттықтады.

Өздерінің құттықтау хаттарын еліміздің ғылым, білім және мәдениет қайраткерлері жол­дады. Олардың қатарында Ұлт­тық ғылым академиясының пре­зи­денті М.Жұрынов, академиктер Ә.Бейсенова мен С.Қирабаев, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғ.Мұтанов, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры Т.Есполов, Қарағанды мем­ле­кеттік техникалық универ­си­те­тінің ректоры М.Ибатов, Қара­ғанды мемлекеттік индус­трия­лық университетінің ректоры Б.Жәутіков, М.Дулатов атын­дағы Қостанай инженерлік-эко­номикалық университетінің рек­торы С.Есмұратов, М.В. Ломо­носов атындағы ММУ-дің қа­зақ­стандық филиалының дирек­торы А.Сидорович, Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруа­шы­лығы ҒЗИ директоры С.Өмір­зақов, М.Айтқожин атын­дағы Молекулярлы био­логия институтының директо­ры Н.Айт­қожина, профессорлар А.Ағыбаев, Б.Садық, И.Кендюха, жазушылар С.Сматаев, С.Досанов, ақындар Ш.Сариев, Қ.Әбіл, Д.Кәпұлы; рес­пуб­ликаның еңбек сіңірген әртісі В.Сухов, Қазақстанның халық әр­ті­сі Н.Нүсіпжанов, «Нұрсұлтан Назар­баев білім қоры» ҚҚ ұжымы бар. 

Астана қаласындағы №7 мек­теп-гимназияның ұжымы өзде­рі­нің хаттарында ұлттық педаго­гика тәуелсіздік жылдарын­да шеберлігін шыңдап, дәйектілікпен дамып келе жатқанын атап өтеді. Мұғалімдер қоғамдық сананы жаң­ғырту міндетін орындау тұр­ғы­сынан Қазақстанның әлем­дік аренадағы беделін нығайту ісіне үлес қосуға ұмтылыстарын біл­ді­реді. 

Сондай-ақ құттықтауларын Қазақстанның Бас мүфтиі Серік­бай қажы Ораз, Қазақстан Пра­вос­лавие шіркеуінің басшысы Астана және Қазақстан  Митрополиті Алек­сандр, Орал және Ақтөбе Ар­хиепископы Антоний жолдады.

Құттықтаулар қоғам қайрат­керлері О.Әбдікәрімовтен, Т.Ман­сұровтан, Қарулы күштер ар­дагерлері кеңесінің төрағасы, Халық Қаһарманы М.Алтын­баевтан, «Ауыл» халықтық-демо­кратиялық патриоттық партия­сының төрағасы Ә.Бек­таев­тан, «Егемен Қазақстан» респуб­ликалық газеті» АҚ басқарма төра­ғасы Д.Қыдырәліден, еңбек ар­дагері Т.Королевадан, «Қазақ­стан ардагерлері» Ауғанстан соғы­сы ардагерлері ұйымы қауым­­дастығының төрағасы Б.Сма­ғұлдан, журналист З.Жандо­со­вадан, Қазақстанның еңбек сіңір­ген қайраткері Ж.Ерғалиев­тен, Шымкент қалалық мәсли­ха­тының депутаты Ғ.Ташқараевтан, Олим­пиада чемпионы А.Винокуровтан келіп түсті.

Мемлекет басшысына ізгі ті­лек­терін білдірген хаттар мен жедел­хаттарды, сондай-ақ Астана қаласынан Ә.Жолшыбеков, Т.Сегіз­баева, К.Жиренчин, К.Мейір­бек, Айтхожиндер отбасы; Ал­м­аты қаласынан В.Костолев­ский, С.Жұмабаев, Т.Бурумбаев, Г.Жетаева, Н.Исаев, С.Елубаев,  И.Абуздин; Ақмола облысынан Р.Га­таулин; Ақтөбе облысынан П.Едігеев пен К.Қозыбақов; Ал­маты облысынан Е.Тегісбаев; Атырау облысынан Б.Кәрімов; Шығыс Қазақстан облысынан Е.Оразалин мен П.Серіков; Жамбыл облысынан Б.Қасенова; Батыс Қазақстан облысынан З.Ми­нулин, С.Власова, Т.Құбашев пен М.Әлбекова; Қарағанды облы­сынан Д.Исағұлов пен С.Бел­гі­баев; Қостанай облысынан Ә.Сейтімбетова мен Т.Ша­ра­фет­динова; Қызылорда облысынан Итемгеновтер отбасы; Маңғыстау облысынан бір топ ардагер; Пав­лодар облысынан М.Өтеубаев, С.Тас­қараев және Е.Сейітжанов; Сол­түстік Қазақстан облы­сынан В.Алек­сеева; Оңтүстік Қазақ­стан облысынан С.Мұратов, Б.Се­ріков, В.Андрюков, Д.Нә­лібаева, Х.Доспанбетова жолдады. 

Өздерінің құттықтауында Ал­матыдан Люлиндер отбасы Қа­зақстан Президентінің халық­аралық байланыстарды нығайту мен кеңейтудегі, көптеген инвес­тициялық жобалар мен маңызды саяси шешімдерді  жүзеге асы­ру­дағы еңбегін атап көрсетеді. «Ал­да әлі көптеген іс күтіп тұр. Бірақ біз Сіздің барлық ойға алған жұ­мыстарыңыздың жүзеге асаты­ны­на сенеміз», делінеді құттықтау хатта. 

Алматы облысының тұрғы­ны М.Молдашева өзінің құт­тық­тауында Президент Н.Ә.Назар­баевтың елдегі қоғам­дық және ұлтаралық келісім қалып­тас­тыру жөніндегі күш-жігерін жоғары бағалай келіп, былай деп атап көрсетеді: «Түрлі халықтар­дың тарихын тұлғалар жасайды. Тәуелсіз Қазақстанның көш­бас­шысы болу дәл Сізге бұйырыпты».  

Құттықтауын ерекше өлең пішінінде Қостанай облысынан Е.Серікбаев жолдапты. 

Балалардың хаттары да ай­рық­ша бір жылылыққа толы. Өз­дерінің Мемлекет басшысына деген тілектерін Қызылорда облысындағы «Күнекей» балалар бақшасының тәрбиеленушісі Ж.Серікқызы, Алматы облысынан Д.Шафхатов, Ақмола облысынан А.Маратова, Қарағанды облысынан Э.Вайс жолдаған.

Көптеген құттықтаулар министрліктер мен ведомство­лар басшыларынан, облыс әкімдерінен, Қазақстан Парла­ментінің депутаттарынан, елші­лерден, ұлттық компаниялар бас­шыларынан және басқа да мем­лекеттік мекемелерден, респуб­ликаның кәсіпорындары мен ұйымдарынан келіп түсті.    Мемлекет басшысы өзінің атына келіп түскен барлық хат­тармен және жеделхаттармен мұқият танысып шықты және барлық авторларға жылы құттық­таулары мен ізгі тілектері үшін ризашылығын білдірді.