• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Бизнес 29 Желтоқсан, 2017

Ел экономикасын ілгерілететін ерекше буын

594 рет
көрсетілді

«Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА» басқарушы компаниясы» АҚ бас директорының инвестициялар және даму жөніндегі орынбасары Асқар Серікұлы Ешенхановпен сұхбат

– «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА жо­басы туралы айтып берсеңіз? Қан­дай негізгі аумақтарды бөліп қарау­ға бо­лады, олар қандай мақсатта пай­да­ла­нуға арналған?

– «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА Қазақ­станның үдемелі индустриялық-инно­вациялық даму мемлекеттік бағ­дарламасы аясында Қазақстан Рес­публикасы Президентінің 2011 жылы 29 қарашадағы Жарлығымен құрылды. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында «ҚТЖ» ҰК» АҚ жүзеге асырып жатқан «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА жобасы Қазақстанның транзиттік-көлік әлеуетін д­а­мытуға қуатты серпін береді және Жаңа Жібек жолының экономикалық бел­деуін толық қалыптастыруға мүмкін­дік береді.

«Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА бірінші кезекте, Кеден одағы елдері үшін және одан әрі Еуропа, ҚХР, Орталық Азия, Түркия және Парсы шығанағы елдерінің нарығына экспорт жасалатын перспективалы дистрибуциялық орталық ретінде қарастырылады.

Жобаның жалпы алаңы 4591,5 га. «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА құ­ра­мы­на: құрғақ порт (129,8 га); ло­гис­ти­ка­­лық аймақ (224,9 га); индус­трия­лық ай­мақ (224,4 га); резервтік аймақ 4 012,4 га кіреді.

«Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА не­­гізгі элементі тауарды тар табанды те­­мір жол желісінен кең желідегі ва­гон­­­дарға және автокөліктерге тиеу­ге ар­­налған құрамына бірнеше тер­ми­нал­дар кіретін құрғақ порт болып та­бы­лады. Құрғақ порт бажсыз аумақ ше­гінде орналасқан және жекелеген 5 операторға қызмет көрсететін қуа­ты бар. Құрғақ порт 129,8 га алаңға ор­на­лас­­қан, мұнда 6 тармақ темір жол тө­селген, оның ішінде 3-еуі қытайлық ен­сіз және үшеуі қазақстандық кең жол. Ол операциялық рәсімдер тұрғысынан, жұ­­мыс орындарын және терминалдарды бағ­­дарламалық қамтамасыз ету жағынан құр­­ғақ порттардың халықаралық стан­дарт­тарына сәйкес келеді.

Құрғақ порттың операторы «KTZE-KhorgosGateway» ЖШС болып табылады. «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компания» АҚ «Бір белдеу – бір жол» халықаралық ынтымақтастық форумы аясында COSCO Shipping корпорациясымен және Ляньюнган порты компанияларының тобымен «Қорғас-Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағын (АЭА) бір­лесіп дамыту туралы инвестициялық ке­лісімге қол қойған. Қытайлық инвесторлар құрғақ порт операторына қатысу үлесінің 49% сатып алуды бірлесіп жүзеге асырды.

Индустриялық аумақ нақты бір өнді­ріс және қызметтер ұсыну саласында ма­ман­данған инвесторларды тартуға қатысады. Мәселен, өндірістік процесте қосымша құны жоғары өнімді өндіретін компаниялар үшін индустриялық аймақ тартымды. Мұндай өнімді түпкі тұтынушылар индустриялық аймақта болады. Бірқатар салалардағы соңғы пайдаланушылар ин­дус­триялық аймақта, жеңіл өнеркәсіп аумақтарында орналасады. Сонымен қатар бұл сала өндіріске, тауарларды қысқа мерзімде және ұзақ мерзімде сақтайтын ғимараттарға қызмет көрсететін болады. Бұл индустриялық аймақ бір бағыттағы объектілерді жи­нау­­ға лайықты арнайы облысты қалып­тас­тырады деп күтілуде. 

Логистикалық аумағы көп функциялы қоймалық ғимараттар кешендері, тауар­ларды сұрыптау және сақтау объек­тілері ретінде құрылыс және осындай жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді. Болжам бойынша, логистикалық қыз­мет көрсетуге деген сұраныс сауда ағы­нының өсуіне, сондай-ақ өнеркәсіп қа­жет­­тіліктерін қана­ғат­тандыру үшін тәу­ел­сіз логистикалық саланың дамуына не­гіз­делген.

– Бұл жобаның Қазақстандағы басқа АЭА-дан қандай айырмашылықтары мен артықшылықтары бар?

– «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА ло­гистикалық АЭА болып табылады. Ло­гис­тикалық АЭА – бұл Қазақстан ау­ма­ғында құрылған, мемлекеттік шекара арқылы өткізу пунктіне іргелес ор­на­ласқан арнайы экономикалық аймақ. Өткізу пункті автомобиль көлігі үшін немесе қазіргідей жағдайда, «Алтынкөл» темір жол стансасындағыдай өткізу пункті болуы мүмкін.

Бірінші айырмашылық мынада, логистикалық АЭА аумағына әкелінетін тауарлар еркін кедендік аймақтың рәсіміне кедендік декларациялаусыз орналастырылады. Бұл ретте мүдделі тұлғаның тауарларды түсіруге және қайта тиеуге, сондай-ақ тауарды басқа көлік құралына жеткізген көлік құралына жұмсалатын, кедендік декларациялауға байланысты қосымша шығындарды төлемеу мүмкіндігі пайда болады. Екінші бір ерекшелігі, еркін кедендік ай­мақ­тың кедендік ресімдеуге ор­на­ла­стыратын ғимаратын алу үшін логис­тик­алық АЭА резидентімен тауарларды қой­мада жинау және сақтауға байланысты жүк операцияларына қызмет көрсету туралы шарт жасаса жеткілікті.

«Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА-ның қазақ­стандық басқа АЭА-дан артық­шы­­лық­тары – бұл Қытайға, яғни әлем­дегі ең ірі тауар жеткізушіге және тұ­ты­­нушыға тікелей жақындығы. кә­сіпорынды стратегиялық жағынан тиі­м­ді, шекараға жақын жерге орналастыра оты­рып АЭА қатысушылары мульти­мо­да­льдық логистиканы, сондай-ақ дайын инфрақұрылымы бар жер теліміне мүл­дем тегін қол жеткізуге мүмкіндік алады. Тағы да бір маңызды артықшылығы болып табылатын жағы, қолданыстағы құрғақ порттың әлеуеті мен «бір терезе» принципі бойынша қажетті қызметтерін пайдалана алады. 

– Жобаға кімдер қатыса алады және ол үшін не қажет?

Жобаға «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА аумағының шегінде негізгі жұмыс­та­рын жүзеге асыруы тиіс резидент ретінде де, резидент емес болып та тек заңды тұлға қатысушы бола ала­ды. Егер заңды тұлға Қазақстан Ре­с­публикасының рез­и­денті емес және салық төлеуші ретінде Қазақстан Рес­пуб­­ликасында тіркелмеген жағ­­дайда, құ­жаттарын өткізген кезде Қазақстан Рес­публикасы салық органда­ры тарапынан салық төлеуші ретінде ме­м­лекеттік тір­кеуден өткені ту­ралы сер­тификаттың көшірмесі болуы тиіс. Ар­найы экономикалық аймақтың қа­ты­­сушысы ретінде қызметті жүзеге асы­ру­ға өтініш берушінің техникалық-эко­но­микалық негіздеуге сәйкес көлемде қаржысы болуы тиіс.

– «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА-ның қазіргі жағдайы қалай?

– Қазіргі кезде Қоғам АЭА-ны дамыту бойынша негізгі екі бағытта белсенді жұмыс істеуде – жобаға инвестициялар тарту және оны бағыттау, сондай-ақ енгізу, АЭА-ны басқару бойынша бірқатар ақпараттық жүйелерді енгізу және әлемдік логистикалық желіні интеграциялау. Бүгінгі күні бірыңғай тізімге 78 қатысушы тіркелді, оның 14-і осы жобаларды әртүрлі сатыларда іске асырумен айналысады. Атап айтқанда, АЭА-ға қатысушылар «ЗАРЯ ЛТД» ЖШС мен «Феникс Фид Миллс» ЖШС құрғақ портта «Дәнді дақылдарды сақтайтын элеватор салу» және «Элеватор мен құрамажем өндіру зауытын салу» жобаларын жүзеге асыруда.

Логистикалық аумаққа зәкірлік инвестор – «PBP CAPITAL LTD» компаниясы (Дубай, БАӘ) тартылды. Аталған компания коммерциялық, қойма және индустриялық жылжымайтын мүліктің халықаралық толық циклді девелопері болып табылады. Жобаларды іске асырудың халықаралық дәрежедегі тәжірибесі 15 жылдан асады. Іске асырылған жобалардың жалпы көлемі 870,000м2. Мәмілелер көлемі 4 млрд $ «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА-ның логистикалық аумағында премиум класты қойма кешендерін инвестициялау жоспарланған. Индустриялық ай­мақта повидло және джем өндіру, консервіленген көкөністер өндірісі, жеміс пюресін өндіру бойынша жобалары басталды. Құрылыстың аяқталу мерзімі – 2018 жылдың мамыр айы.

– «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА-да қазіргі кезде қандай ақпараттық жүйелер қолданылады? 

– Қазақстанда транзит өткізуге ар­нал­ған жеке дәлізден басқа, логис­ти­каның та­бысты дамуы ақпараттық қамтамасыз етуді және инфрақұрылымды дамытуды талап етеді. Ірі әлемдік операторлар - Dubai Port World немесе DP World компанияларының кеңестері арқасында «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА-да басқа­рушы компаниялар, мемлекеттік органдар, резиденттер мен АЭА кли­ент­­терінің өзара іс-қимылдарын үйлес­ті­ре­тін көп функция- лы ақпараттық «НОМАД» платформасы құрылады.

DP World компаниясы тарапынан консалтинг пайдасына таңдау жасау кез­дейсоқ емес. 2011 жылғы жағ­дай бой­ынша, лондондық Drewry Shipping Consultants консалтингтік компа­ния­сы­ның есебіне сәйкес, Dubai Port World ком­паниясы әлемдегі ірі порттық опера­тор болып шықты. Географиялық жағы­нан әртараптандырылған ең ірі порт операторларының бірі болып табылатын DP World әлемдік нарық үлесінің 6,7%-на ие. Сондай-ақ компания әлемнің 40 еліндегі 77 теңіз және ішкі терминалдарлы ұстап отыр. DP World БАӘ үкіметіне тиесілі әлемдік ірі инвестор және девелопер Dubai World компаниясының басқаруында. 

«НОМАД» – АЭА-ның бизнес-процестерге ұтымды ықпал ететін «электронды бейнесі». Осы плат­формада логистикалық процеске барлық қатысушылар өзара байланы­сып, жұмыс істей алады. Бүгінде Қазақстанда мұндай ортақ платформа жоқ, тек жекелеген кішігірім жүйелер жұ­мыс істейді. Қазіргі заманауи IT-ше­шімдердің арқасында «Қорғас-Шы­ғыс қақпасы» АЭА аумағында транс­шекаралық көліктерді ресімдеуді же­ңіл­дететін және жеделдететін «бір тере­з­е» механизмі жұмыс істейді. Бұл тран­зитке, тауарларды трансшекаралық өткізуге, көлік құралдарына қатысты процестерді ақпараттық технологиялармен жабдықтауға бағытталған алғашқы қадам.

«Номад» бірыңғай басқару ақпарат­тық жүйесін (ББАЖ) құру шеңберінде онлайн қызмет көрсету жүйесі және «Мо­ниторингтік орталық» жүйесі бар Жағ­дайды бақылау орталығы қазіргі таң­да табысты жұмыс істеуде. АЭА пе­риметрінің сыртындағы интеллектуалды бейнебақылау технологиясы АЭА периметрі бойынша орналасқан 96 камераларға қызмет көрсететін опе­раторлар санын бір адамға дей­ін қысқартуға мүмкіндік берді. «Мониторинг орталығы» кіші жүйесінде АЭА аумағына тауарларды орналастыру мәселесіне қатысты жұмыстарға қаты­са­тын мем­ле­кет­тік қызметкерлерге арналған авто­мат­тандырылған жұмыс орын­дары пайда болды. АЭА «Білім базасы» онлайн түрінде барлық қаты­су­шылары үшін қажетті ақпараттық қыз­мет көрсететін «бір терезе» кіші жүйесі іске қосылған. 

АЭА басқарушы компанияның веб-сайтына және АЭА электронды құжат айналымы кіші жүйесіне интеграциялау жүргізілді. АЭА қатысушыларының және инвесторлардың өтініштерін өңдеудің бизнес-процестер әзірленді. «Автоматтандырылған БӨП» кіші жүйесі жасалды, ол АЭА БӨП өту уақытын 10 минуттан 30 секундқа дейін азайтуға мүмкіндік береді, бұл ретте орналастырылатын тауарлар мен көлік құралдарын есепке алу кеден заңнамасының талаптары аясында толықтай автоматтандыру қамтамасыз етілді. Мәтіндік және бейне, фото контентпен 3D виртуалды туры құрылды. 3D туры «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА жобасының әлемдік қоғамдастықта танымалдығын арттыру және Интернет желісіне жалғанған кез келген құрылғыдан қолжетімді Google Maps платформасына енгізу үшін жасалды. Сондай-ақ 3D тур АЭА компания басқарушысының веб-порталына жалғанған 3D турының рөлі – қазіргі заманғы технологиялардың көмегімен мүдделі тұлғаларға, атап айтқанда, инвес­тор­ларға беделді платформалар базасы арқылы АЭА жобасы туралы нақты фото және бейнеақпараттарды жеткізу.

– «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА-ның даму болашағы қандай?

– «Қорғас-Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағы тиісті эко­но­микалық инфрақұрылымы және тұр­ғын аймағы бар, жоғары деңгейдегі логистикалық және өнеркәсіптік орталық жасау үшін өзінің Кеден одағы ішінде ұтымды орналасқанын және Қытаймен шекаралас тұрған артықшылықтарын тиімді пайдаланады. АЭА жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасы өнімділігінің өсуін ілгерілететін ірі механизм, ал ұзақ мерзімді перспективада экономиканы әртараптандыру арқылы жаңа өнеркәсіптік кластерлерді қорғау және жұмыс күшінің біліктілігін арттыруға қомақты үлес қосатын болады. 

Мемлекеттің қолдауымен «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА даму жоспарын табысты жүзеге асырған жағдайда мынадай нәтижелерге қол жеткізеді:  «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму бағдарламасының және Қытайдың «Жібек жолының экономикалық бел­деуі» бастамасы аясында «Қорғас-Шы­ғыс қақпасы» АЭА анықтаушы рөл атқарады, Қазақстанды Қытай, Кеден одағы және Батыс Еуропа елдерінің ірі сауда әріптесіне айналдырады. Қазақстан экономикасына экономикалық өсу және қосымша құндылықтар бере отырып «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА жаңа салаларды дамыту және мұнай-газ түсі­мі­не тәуелділікті қысқарту арқы­лы не­ғұрлым әртараптандырылған, тең­дес­тірілген және икемді экономика­ны құруға ықпал етеді. Тұрғын үй жә­не қо­ғамдық инфрақұрылымы бар тұрақ­ты жаңа экономикалық орталықты қа­лып­тастыру есебінен, кәсіби тренингтер мен даму бағдарламаларын негізге ала отырып жергілікті және шетелдік қызметкерлерден икемді және білікті жұмыс күші құрылатын болады. 

Келешектегі жоспарлар туралы айтатын болсақ, мемлекеттік және жеке мүдделі тараптар арасындағы порт­тар қоғамдастығының бәсекеге қабі­лет­тілігін арттыру мақсатында интелле­к­туалды және қауіпсіз ақпарат алма­суын қамтамасыз ететін PCS (Port Community System) жүйесі – электронды платфор­масын қолданысқа енгізудің ма­ңыз­дылығын, сондай-ақ өз аумағында ке­дендік жеңілдіктер жасауға мүмкіндігі бар, халықаралық мәртебесін алғаннан кейін АЭА-ның субаумағы болуы тиіс әуежай құрылысы жоспарланғанын айта кету керек. 

Әңгімелескен Асхат РАЙҚҰЛ, «Егемен Қазақстан»