• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Әлем 29 Желтоқсан, 2017

Ауғанстанда жарылыстан 41 адам опат болды

216 рет
көрсетілді

Ауғанстанның Кабул қаласында жарылыс болып, 41 адам опат болды. Сондай-ақ, 80-нен астам тұрғын түрлі деңгейде жарақат алды. Бұл туралы bbc.com хабарлады.

Жанкешті шиі бағытын ұстанатындардың ғимаратына еніп, өзін өзі жарып жіберген. Ауғанстанның ішкі істер министрлігі бұл оқиғадан кейін артынша тағы екі жерде жарылыс болғанын хабарлады.

Терроршының әрекетінен сол маңайдағы Afghan Voice ақпарат агенттігінің редакциясы да зардап шекті. Оқыс оқиғаны ИГИЛ содырлары ұйымдастырды деген ақпарат бар. Себебі, соңғы айларда аталған топ мүшелері Ауғанстанның түрлі провинцияларындағы шиілерге жиі шабуылдап жүр.

Ал Afghan Press қызметкері ғимараттан ондаған адамның мәйіті шығарылғанын айтты. Шабуыл кезінде ғимаратта жоғары оқу орындарының студенттері, ақпараттық қызметкерлер болған.

Өткен дүйсенбі күні, яғни 25 желтоқсанда Кабулда барлау қызметінің ғимараттар кешенінде жарылыс болып, он адам қаза тапқан.

ИГИЛ ұйымы 2015 жылы қаңтарда Ауғанстан жерінде «Хорасан» бөлімі құрылғанын хабарлаған болатын. Түрлі мәліметтерге байланысты аталған топтың 1000-5000 содыры бар.