• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 29 Желтоқсан, 2017

Астананың 280 мыңнан астам тұрғыны жүйелі түрде спортпен шұғылданады

371 рет
көрсетілді

Дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысатын халық саны 28,2% немесе 288,1 мың адамды құрайды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы. 

Бүгінге дейін астанада 671 спорттық ғимарат бар, оның 13-і ірі спорт кешені. 

Әкімдікке қарасты спорт ұйымдарының саны 18, оған 9,6 мыңдай адам келеді. 

«Соңғы он айда астаналық спортшылар республикалық және халықаралық жарыстардан 3 325 медаль жеңіп алды, оның 1 112 – алтын, 1 027 – күміс, 1 159 қола. 567 спорттық-бұқаралық іс-шара өткізілген», - делінген әкімдіктің хабарламасында. 

Биыл Астанада ішінде аула ғимараты бар 20 спорт алаңы салынды. «Сарыарқа» ауданында – 4 алаң, «Алматы» ауданында – 12 футбол алаңы, «Есіл» ауданында 4 алаң. 

Пайдалануға «Нұрал» балаларды дамыту спорт мектебінің орталығы берілді, оның спорт залы күрес түрлеріне арналған, ал сыныптарында шашка, шахмат, тоғызқұмалақ ойнайды. 

2016 жылмен салыстырғанда спорт ғимараттары 21-ге көбейді, яғни аула аумағы мен мектеп жанындағы учаскелерде спорт ғимараттары көптеп бой көтерді.