• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 29 Желтоқсан, 2017

Қазақстанда жол апаты саны азайды

332 рет
көрсетілді

Қазақстанда өткен жылмен салыстырғанда жол апаты саны 5 пайызға азайды. Бұл туралы Астанада өткен баспасөз мәслихаты барысында ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Әлібек Кеңіспаев мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

«Жол қозғалысының қауіпсіздігі ҚР Ішкі істер министрлігінің әрдайым бақылауында. Соңғы жылдары жүргізілген сараптамаларға сүйенсек, республикада 2014 жылдан бері жол апаты жағдайы азайғанын байқауға болады. Биылғы жылдың 11 айының қорытындысы бойынша жол апаттары 5 пайызға, қайтыс болғандардың саны 14 пайызға, жарақат алғандардың саны 4,4 пайызға азайды», - дейді Әлібек Кеңіспаев.

ҚР ІІМ өкілінің айтуынша, жол апаттары жағдайының төмендеуі жергілікті және республикалық маңызы бар жолдарда да байқалып отыр.

«Жалпы, бұл көрсеткіштерге қолға алынған кешенді шаралардың сеп болғанын көріп отырмыз. Жолдардың бойында бақылау күшейтіліп, «Қауіпсіз жол», «Автокөлік», «Автобус» атты алдын ала шаралар жүргізілді. Биылғы жылы ғана мас күйде көлік жүргізген 28 мың адам жүргізуші куәлігінен айырылды. Бұған қоса жол ережесін бұзғаны үшін 8,5 мың адам жүргізуші куәлігінен айырылып, 3,2 мың адам әкімшілік қамаққа алынды», - дейді Әлібек Кеңіспаев.