• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қазақстан 30 Желтоқсан, 2017

Бүгінен бастап Астанада жол жүру билеттерін толықтыратын арнайы кассалар жұмысын бастады

386 рет
көрсетілді

Бүгін, 30 желтоқсаннан бастап Астанада жол жүру билеттерін сататын мамандандырылған кассалардың жұмысы жаңартылады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы.

Кассалардың жұмыс уақытын созу жоспарлануда. Бұған дейін кейбір сату орындарында болған іркілістер жүйедегі техникалық олқылықтарға байланысты еді. Дегенмен, қоғамдық көлікте жол жүру ақысын қолма-қол ақшамен төлеу де бұрынғыша бола береді. Бір реттік билет жүргізушінің консолынан басып шығару жолымен беріледі.

Үш айлық тарифті сату тек мамандандырылған кассаларда жүргізіледі, себебі бұл жағдайда жолаушыны дербестендіру талап етіледі. Егер осындай тарифы бар билетті жоғалтқан жағдайда оны кассалар арқылы қайтадан оңай жолмен қалпына келтіруге болады. RTVM-автоматтары арқылы мұндай қызмет жасалмайды.

Астанада АSTRA PLAT-тың бір айлық жүру билеттерін сатып алуға немесе толықтыруға мүмкіндік беретін 36 нүктесі бар, оның 7-і бір немесе үш айлық билеттерді алатын арнайы мамандандырылған нүктелер.

«2018 жылдың басынан бастап бір айлық қағаз билеттердің орнына ұзақ мерзімді қолданылатын «Айлық билетке» көшеміз, ол да басқа тарифтер сияқты жолаушының транспорттық картасына жүктеп алуына болады. Бұл жолаушыға ыңғайлы және басқа да тарифтердің нақты сұранысын анықтауға мүмкіндік береді», - деп хабарлады «Astana LRT».

Мамандандырылған кассалардың мекен-жайы:

• Нәжімеденов көшесі, 10/2 ( «ASTRA Parking» кеңсесі ),

• «Евразия» СО, Петров көш, 24 (бутик № 051),

• автовокзал «Сапаржай Астана», Гете көш, 5,

• «Әлем» СО, Бөгенбай батыр даң, 68 (2-қабат, 12-бутик),

• «Астаналық цирк», Қабанбай батыр даң, 5, 

• «Женic» СО, Женic даң, 47 (3-қабат),

• Қ.Мұнайтпасов көш, 14 «Центр квалификации» (Орталық касса).

RTVM автоматтары:

• теміржол вокзалы, Гёте көш, 1;

• «Северный» СО, Қосшығұлұлы көш, 9;

• «Орбита» СҮ, Петров көш, 1;

• «Встреча» СО, Абылай хан даң, 31;

• Қ.Мұнайтпасов көш, 14 «Центр квалификации»;

• Халықаралық аэропорт, Қабанбай батыр даң, 115;

• «Рахмет» СҮ, Б.Момышұлы даң, 10;

• «Азия парк» СОС, Қабанбай батыр даң, 21;

• «Апрель» супермаркеті, Жеңіс даңғ, 67;

• «Апрель»супермаркет, Республика даңғ, 4;

• «Апрель» супермаркеті, Мұңайтпасов көш, 20;

• ЦУМ (ТЦ «SineTempore»), Бейбітшілік көш, 9;

• «Жаннұр» СҮ, Абай көш, 48;

• Астаналық базар «Астаналық», Сейфуллин көш, 47.

RTVM көше автоматтары:

• Сарыарқа даң, 33 – «Медакадемия» аялдамасы;

• Сарыарқа даң, 38 – «Медакадемия» аялдамасына қарсы аялдама;

• Сарыарқа даң. мен Сейфуллин қиылысы – «Хабар Агенттігінің» аялдамасы;

• Сарыарқа даң. мен Сейфуллин қиылысы – «Хабар Агенттігіне» қарсы аялдама;

• Бараев көш –«Бараев көш» аялдамасы;

• Бараева көш, пен Иманбаева қиылысы;

• Бараев – «Жастар шағын аудан» аялдамасы;

• Кравцов көш – «Жастар шағын аудан» аялдамасы;

• «Мәңгілік ел» даң, «Министрлік үйі» аялдамасы;

• «Мәңгілік ел» даң мен Қонаев көш. қиылысы – «Министрлік үйі» аялдамасы;

• «Мәңгілік ел даңғылы» аялдамасы Министрлік үйіне қарсы;

• «Мәңгілік ел» даңғылы –Достық көш, қиылысы «Министрлік үйі» аялдамасы, екінші арка;

• Достық көш – «Санкт-Петербург» бизнес орталығы алдындағы тоқтау орны.