• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 31 Желтоқсан, 2017

Павлодарда 140 отбасы пәтер алды

319 рет
көрсетілді

Облыс  орталығындағы  жаңадан салынып жатқан  «Сарыарқа» шағын  ауданындағы Ш.Шөкин көшесі  №159 мекен-жайы бойынша көп қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді.   

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында бұл үйдің құрылысын жүргізген  «Құрылыс» ЖШС-ның құрылысшылары әр шаңыраққа Жаңа жыл алдында құт-береке, табыс тілейді.

Жаңа үйден кезекте тұрған мемлекеттік қызметкерлер пәтер кілттерін алды. Жарқырған үйлер жобасының құны 1 011,9 миллион теңгені құрайды. Бұл биылғы жылы  «Сарыарқа» шағын ауданында салынған алтыншы үй. Бұған дейін шағын ауданда сүрілген ескі үйлердің орнына 11 көпқабатты жаңа тұрғын үй тұрғызылды. 2018 жылы  «Достық» шағын ауданының құрылысы басталады.

Фарида Бықай,

«Егемен Қазақстан»

Павлодар

Суретті түсірген: Валерий Бугаев