• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Қазақстан 03 Қаңтар, 2018

Жаңа жыл түні Астанада 57 нәресте дүниеге келді

311 рет
көрсетілді

Жаңа жылдың алғашқы күні Астана халқының саны 57 адамға көбейді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Қаланың үш перинаталдық орталығында 57 сәби дүниеге келді. Қалалық Денсаулық сақтау басқарамасының мәліметінше, жаңа жыл түні елордада 9 адам пиротехникадан зардап шекті.

Қаланың травмотологиялық пунктеріне 320 адам жүгінді. Бұған қоса қаңтардың 1 мен 3 аралығында қалалық жедел медициналық жәрдем стансасы 1561 шақыртуға қызмет көрсетті. Айта кетейік, жаңа жыл түні Астанадағы қауіпсіздік пен тазалық жұмысын қамтамасыз етуге 32 мыңнан астам жұмылдырылған болатын.