• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Қаңтар, 2018

Мәжіліс депутаттары Павлодардағы «Giessenhaus» ЖШС-да болды

321 рет
көрсетілді

Өңірге жұмыс сапарымен келген Мейрам Пішембаев пен Артур Платонов облыс  орталығындағы «Павлодар» арнайы экономикалық аймағында құрылысы басталған алюмин дискілерін шығаратын кәсіпорынды аралап көрді. 

Мемлекет басшысы өткен жылғы Индустрияландыру күніне арналған телекөпір барысында өңірімізде жаңадан құрылған қоспалы алюмин өндірісін және осы алюминнен автомобиль дискілерін жасап шығаратын зауытты іске қосқан-ды.

«Қоспалы алюминнен автомобиль дискілерін жасауды қолға алдық. Бұл басы ғана. Енді алюмин өндірісін ары қарай дамыту қажет», - деген болатын Елбасы.

Зауытқа 5 млрдқа жуық инвестиция тартылды. Кәсіпорын өкілдерінің айтуынша,  «Giessenhaus» ЖШС жылына 1 миллионға жуық алюмин дискісін шығаруды жоспарлауда.  Алдағы уақытта кәсіпорын толық қажетті техникамен жабдықталады. Қазір 20 жұмысшы еңбек етуде.  Кәсіпорынға  «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ тан  жылына 54 мың тонна алюмин тасымалданады.

Мәжіліс депутаттары  толық қуатымен іске қосылғанда кәсіпорын ел экономикасына үлес қосатынын, алюмин дискілерін өндіру – экспортқа шығарылатын бірегей жоба екенін атап өтті.      

Фарида Бықай

«Егемен Қазақстан»

 Павлодар

Суретті түсірген: Валерий Бугаев