• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
15 Қараша, 2011

Елбасы қабылдады

258 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қаржы министр­лігінің Қаржылық мониторинг комитетінің төрағасы Мүсірәлі Өтебаевты қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республи­касы Президентінің баспасөз қызметі. М.Өтебаев Президентті қаржылық мониторинг жүйесін қалып­тастыру мен дамыту, заңсыз жолмен алынған кірістерді (заңсыз жолмен табылған ақшаны) заңдастыруға және терроризм мен экстр­е­мизм­ді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері туралы хабардар етті. Мемлекет басшысы Қазақстанның қаржылық мониторинг жүйе­сін жетілдіру жөніндегі жұмыстарды жалғастыру туралы тапсырма берді.