• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Қазақстан 08 Қаңтар, 2018

Каспийдегі кемелерді бақылау қағидасы өзгереді

388 рет
көрсетілді

Каспий маңы мемлекеттері Қара және Жерорта теңіздеріндегідей порттарда кемелерді мемлкеттік бақылау бірыңғай режимін бекітуге шешім қабылдады. Сол себепті ҚР Инвестициялар және даму министрлігі басқа елдердің салалық ведомстволарымен порттық бақылауды іске асыру тәртібіне қатысты келісу жөнінде жұмыстар атқаруда, деп хабарлайды Инвестициялар және даму министрлiгiнің бааспасз қызметі. 

Бірыңғайланған тәсіл теңіз кемелерінің техникалық қауіпсіздігін арттыруға және аймақта субстандартты кемелерді пайдалануды болдырмауға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде теңіз аварияларының санын азайтуға, кеме экипажы мүшелері мен жолаушылар өмірінің қауіпсіздігін арттыруға, көлік құралдары мен жүктердің сақталуын қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Сонымен бірге, техникалық жағдайы жақсы кемелерді тексеру саны қысқарады және кеменің жүзу қауіпсіздігі тұрғысынан қауіпті көлік құралдарын тексеру үшін ресурстарды пайдалану тиімділігі артады.

Қазіргі уақытта Каспийде 1600-ге жуық теңіз кемесі пайдаланылуда. Олардың 320-сы Қазақстан туымен жүреді. 2017 жылы қазақстандық порттарға шамамен 2 мың кеме кірген.