Осымен 75-рет ұйымдастырылған шарада ең үздік драмалық туынды ретінде Мартин Макдонахтың «Миссури, Эб-бинг шекарасындағы үш жарнама тақтайшасы» фильмі танылды, деп хабарлайды 24.kz.
Ал «Ең үздік актриса» сыйлығы осы фильмде қызының қазасын тергеуді қалаған Фрэнсис Макдормандқа бұйырды.
«Драма жанрындағы үздік актер» марапатын «Қиын кезең» туындысында Уинстон Черчильді сомдаған Гари Олд-ман алды.
«Ең үздік режиссер» номинациясы бойынша «Судың пішіні» фильмі үшін Гильермо дель Торо марапатталды.
Ал биыл неміс режиссері Фатих Акиннің лаңкестік тақырыбындағы фильмі «Шет тіліндегі ең үздік фильм» атағына ие болды.
Айта кетейік, «Алтын глобус» жыл сайын Голливудта аккредиттелген шетелдік журналистер қауымдастығы тағайындайтын, атақ жағынан «Оскарға» ғана жол беретін сыйлық. Ол үздік кинематография мен телебағдарламаларды қамтитын 25 номинация бойынша беріледі. «Алтын глобус» марапаттау рәсімі 1945 жылдан бері табысталып келеді.