• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
Медицина 10 Қаңтар, 2018

Қарағандыда ан­ги­ог­ра­фиялық жабдығы бар опе­рациялық блок ашылды

321 рет
көрсетілді

Бұл күндері Қарағандыда қан тамырларына жоғары техно­­логиялы оталар жасалып жа­тыр. Ол үшін ОМО ней­ро­х­ирургия және нев­ро­ло­гия орталығында ан­ги­ог­ра­фиялық жабдығы бар опе­рациялық блок ашылды. 

№3 Отбасы денсаулық орталығы  мемлекет-жекеменшік серіктестігі аясында бой көтерген нысан. Құры­лыс жұ­мыстарын жүргізу мен меди­ци­налық жаб­дықпен жабдықтау үшін жеке кәс­іпкер Д.Мырзағалиев 400 млн теңге кө­лемінде қаражат жұм­саған. Жалпы ауданы 1 140 шар­шы метрден тұратын ғи­маратта дәрі­гер­лер бір ауысымда 150 адамды қа­был­­дауға қауқарлы. Тұр­ғын­­дар көп ор­наласқан ауданда бой көтерген От­басы орталығы бастапқы ме­ди­ци­налық-санитарлық көмектің қол­же­тімділігін арттыратын болады.

– Орталықта барлық жағдай жа­сал­­ған. Аталған өңір тұрғындары үшін көр­се­тілетін көмек сапалы бо­ла­ды деген үміттеміз. Бұл жерде жал­пы прак­­тикадағы дәрігерлер, те­ра­пев­, п­е­диатр, акушер-ги­не­ко­логтар жұ­мыс істейді, функция­лы ди­аг­ностика ка­бинеттері бар. Рентген апп­а­раты қой­ылады. Сонымен қатар бо­­лашақта салалық мамандар да қыз­мет көрсетеді деп жоспарлаудамыз, – дей­ді орталық директоры Роза Ра­зи­ева.

Отбасы орталығы – Қарағанды қа­ласындағы №1 емхананың бесін­ші филиалы. Бұл жерде 20 мың адам­ға дейін қызмет көрсетіледі. Қыз­мет­кер­лерге және келушілерге қо­­лай­­лы болуы үшін ғимаратта бас­қа ем­­ха­на­ларда қарастырылмаған жел­де­­ту жүйесі орнатылған.

Облыстық денсаулық сақтау бас­қар­масының басшысы Ерлан Нұрлы­ба­ев­тың айтуынша, облыс бойынша бір дә­рігерге орташа есеппен 2 мың адам бе­кітілген. Филиалдарды ірілендіру бұл көрсеткішті 1500 адамға дейін азай­туға мүмкіндік береді екен.

– Міне, тағы да бір медицина ор­талығы ашылды. Жаңа жылдағы бұл жаңалық тұрғындар үшін қуа­нышты жағдай. Нысан мемлекет-же­ке­меншік серіктестігі аясында са­лын­ған. Ал, облыс бойынша жалпы 21 әлеуметтік мемлекеттік нысан бой кө­терді. Бұл республика бойынша өте жақсы көрсеткіш. Осы арқылы бір­неше жылдар бойы шешімін таппай келген әлеуметтік мәселелерді ше­шуге мүмкіндік алдық, – дейді ай­мақ басшысы Е. Қошанов.

Жағдаяттық орталықтың басты мін­д­еті – облыста инсульт ауруына шал­дыққандарға көмек көрсетуді ұй­ым­дастыру. Яғни дәрігер науқасқа ба­­ратын жедел жәрдем жолға шық­қан сәттен бастап, ауруханаға жет­кі­зі­л­генге дейінгі жағдайды бақылап отырады. Қарағанды облысы бойын­ша ақпаратты жинауға мүмкіндік бе­ретін арнайы сызба арқылы онлайн ре­жімде жұмыс жасайтын орталықта инсульт типтері бойынша ақпаратты қа­дағалап, әр күнге мониторинг жүр­гі­зіліп отырады.

Ал, 2017 жылдың 1 наурызында 215 орынға арналған Нейрохирургия және неврология орталығы ашыл­ған бо­латын. Қазір орталықта ан­гио­гра­фия­лық қондырғымен опе­ра­ция­лық блок жұмыс жасауда. «Philips» фир­ма­сының «Allura Centron» ангиограф аппа­ратымен тамырішілік, шағын ин­ва­зиялық әдістер арқылы инсульт, анев­ризм, мальформация, стеноз си­яқ­ты ауруларға ота эндоваскулярлы түр­де жасалады.

Осыдан біраз уақыт бұрын ғана ми­дағы аневризманы кесіп алып тас­тап, үш күн өткен соң науқасты ауру­ханадан шығару деген қиял секілді бо­латын. Алайда біздің нейрохиругтер үшін мұндай ота жасау «Philips» фир­масының «Allura Centron» жаңа ан­гиографының арқасында мүмкін бо­лып отыр. Бұл құрылғының көме­гі­мен күрделі қан тамыры ішінде жаса­латын операцияларды шағын ғана тілік арқылы жа­­сауға болады. Ол өз кезегінде ана­­ғұрлым тезірек сауығуға септігін ти­­гізеді. Сонымен қатар бұл аппарат қан тамырлары ауруларын барын­ша дәлірек диагностикалауға кө­мек­теседі.  Айта кету керек, медицина орта­лы­­ғында айында инсульт бөлімі мен ней­­рохирургия және неврология ор­та­­лығы ашылғалы инсульттің сал­да­ры­нан қаза болу жайттары азай­ған.

Науқастарды дерттің ал­ғаш­қы 40 ми­нутында ауруханаға жеткізу көр­сет­кіштері де 2016 жылғы 35%-бен са­лыстырғанда 2017 жылы 85%-ға дей­ін жоғарылаған. Дәрігерлердің айтуынша инсульт кезінде науқасты аяқ-қол тартылудан сақтап қалуға немесе өмірін арашалап қалуда бірінші сағат – ең маңызды мерзім. – Бұл аппарат бізге 3D режімде болып жатқан барлық жайтты кө­руге, анағұрлым нақты диагноз қоюға, шұ­ғыл түрде науқасқа қа­жет­ті отаны жасауға мүмкіндік береді.

Жаңа анги­ографпен жұмыс істеу үшін біздің ма­мандар Астанада тә­жірибеден өтіп қайтты. Қазірдің өзін­де біз жоғары технологиялық оталарды жасап жатырмыз. Айта кету керек, шетелдерде мұндай оталар өте қымбат. Себебі, олар шын мә­нісінде адамдардың өмірін сақтап қа­лады. Бұл болашаққа қадам, – деді об­лыстың бас нейрохирургі Ғабит Махамбаев. 

Қарағандылық нейрохирургтер науқастардың өмірін бұрынғыдан да көбірек арашалап қалуға мүмкіндік алып отыр.

Мирас АСАН, «Егемен Қазақстан»

Қарағанды