• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
16 Қараша, 2011

Болашақ байланыстар арнасы кең

300 рет
көрсетілді

Қазақстан мен Америка Құрама Штат­та­ры арасындағы қарым-қатынастарды ны­ғай­ту және болашақ әріптестік мәселелерін кеше «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин мен АҚШ-тың Қазақстандағы жаңа елшісі Кеннет Фэйрфакс талқылады. Екі ел арасындағы дипло­ма­тиялық қарым-қатынастар 20 жыл бұрын басталған. Вашингтон Қазақстанды АҚШ-тың Орталық Азиядағы іс жүзінде ең сенімді және бола­шағы бар әріптесі ретінде қа­растырады. Нұрлан Нығматулин айтып өткендей, Қазақстанның 20 жылда қол жеткізген жетістіктері, сондай-ақ халықаралық аренадағы беделі Елбасы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тікелей байланысты. Нұрлан Нығматулин сондай-ақ ядросыз әлем құрудағы және елдегі демократиялық қайта құрулардағы Елбасы­ның ерекше рөлін атап өтті. Партияаралық байланыс­тар­ға келсек, «Нұр Отан» мен АҚШ Демократиялық пар­тия­сы арасында көп жылғы әріп­тестік қатынастар орнаған. Ұлттық демократиялық институт төрайымы Мадлен Ол­брайт ханымның және ҰДИ Президенті Кеннет мырзаның шақыруымен демократтар Аме­­рика президенті лауазы­мы­на өз үміткерін ұсынған халық­аралық көшбасшылар фо­румы­на «Нұр Отан» ха­лық­тық-демократиялық партия­сы­ның делегациясы қатысқан бола­тын. Кеннет Фэйрфакс қазақ­стан­дықтарды тарихи мереке – Тәуелсіздіктің 20 жылдық мерейтойымен құттықтай келе, Қазақстанның қол жеткізген жетістіктеріне жоғары баға берді. Тараптар кең ауқымды мә­селелер бойынша өз ойлары­мен бөлісіп, Қазақстан мен АҚШ арасында табысты бо­ла­шақ әріптестікті жалғастыру үшін үлкен әлеует бар екенін атап өтті. «Егемен-ақпарат».