• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 19 Қаңтар, 2018

Нұрсұлтан Назарбаев сенім шараларының маңызын атады

351 рет
көрсетілді

Нью-Йоркте Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб-пәтерінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің «Жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау: шаралар мен сенім» тақырыбы бойынша жоғары деңгейдегі пікірталас өтті. Жиынды ашқан Елбасы сенім шаралары жаһандық қауіпсіздікті қолдаудың, бүкіл планета көлемінде бейбітшілік нығайтудың аса маңызды элементі ретінде күн тәртібінен түспеуі тиіс екенін айтып, оның төрт себебін түсіндірді.

«Біріншіден, сенім шаралары бүкіл адамзатқа жаңа жойқын соғыс қатері төнген XX ғасырдың екінші жартысында жаппай жойылу қаупінің алдын алу кезінде өзін-өзі ақтады. БҰҰ Жарғысында «Біздік басты міндетіміз ‒ келер ұрпақты соғыс өртінен құтқару» деп жазылған», дей келе Елбасы қазақстанның БҰҰ жүйесіндегі ширек ғасыр ішінде қарқынды даму жолынан өткенін атап өтті. «Біз ядролық арсенал бойынша әлемдегі төртінші елдер таратпау жөніндегі қозғалыстың көшбасшысына айналдық. Ядролық қарудан және ядролық держава мәртебесінен бас тарту біздің саналы әрі шынайы таңдауымыз және Қазақстанның барша халқы қолдап, әлемдік қоғамдастық лайықты бағасын берген ерікті қадамымыз болды. Бүгінде еліміз ядролық қауіпсіздік саласындағы барлық іргелі халықаралық келісімдердің қатысушысы болып отыр. Біз ядролық қаруы жоқ мемлекет ретіндегі мәртебемізді заңды түрде бекіттік», деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, сенім шараларының бүкіл планета көлемінде бейбітшілік нығайтудың аса маңызды элементі ретінде күн тәртібінен түсірмеудің екінші себебі - өзара сенім ахуалы халықаралық ынтымақтастықтың жаңа моделін қалыптастыруға септігін тигізе алады. «МАГАТЭ-нің Төмен байытылған уран банкінің ашылуы ‒ осы ынтымақтастықтың жарқын мысалы әрі оның жүзеге асуының көрінісі. Қазақстан ядролық қаруды таратпау режімін нығайтуға осылайша кезекті үлес қосты», деді Мемлекет басшысы.

«Үшіншіден, Қазақстанның ядролық қарусыз жолы өзге елдерге үлгі әрі тәжірибе түрғысынан көмек болар еді. Біз тәуелсіз ел болып, мемлекетімізді нығайттық. Ядролық қарудан бас тартып және ядролық державалардан шабуыл жасамау кепілдігін алып, жоғарғы беделге ие болдық. Осы ретте, Солтүстік Корея басшылығын біздің жолымызбен жүруге шақырамыз», деді Президент. Мемлекет басшысының атаған төртінші себебі - ғылыми-технологиялық прогрестің қазіргі мүмкіндіктері және жаһанданудың шынайы болмысы жаппай қырып-жою қаруларын таратпау міндетін адамзаттың аман сақталып қалу мәселесіне айналдырып отыр.