• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Президент 19 Қаңтар, 2018

Нұрсұлтан Назарбаев «Nasdaq» компаниясының президентімен кездесті

270 рет
көрсетілді

Нұрсұлтан Назарбаев «Nasdaq» компаниясының президенті Адина Фридманмен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесу Мемлекет басшысының АҚШ-тағы ресми сапары аясында өтті.

 

Кездесу барысында Мем­лекет басшысы компа­ния­ның Қазақ­станда жұмыс жүр­гізу жөніндегі шешімін құптай­ты­нын айтты.

– Сіздердің Қазақстанда, «Ас­тана» халықаралық қаржы орта­лығында жұмыс істеу жөнін­дегі шешімдеріңізді қолдай­мыз. Біз Конституцияға және елі­міз­дің бірқатар заңына өзгеріс­тер енгіздік. Онда ағылшын құқы­ғы енгізілген және қатысу­шы­лардың барлығына жеңілдік­тер қарастырылған. Жұмыс істей­тіндер үшін барлық қолайлы жағ­дайды жасаймыз, – деді Қазақ­стан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев «Nas­daq» компаниясының бұл шеші­мі оның серіктестері мен бас­қа да шетелдік компанияларды «Ас­тана» халықаралық қаржы орта­лығымен ынтымақтастықты дамытуға жетелейтінін атап өтті.

А.Фридман Қазақстанның халық­аралық қаржы орталығын құру жолында атқарған жұмыс­та­рынан алған әсері жөнінде айтты.

– Біз «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту жө­нін­дегі жоспарларға өте тәнті болдық. Қаржы орталығының жұмысына қатысты барлық мәселенің жан-жақты қарастырылғанын атап өт­кіміз келеді. Бұл жұмыстың тың­ғылықты атқарылғанына ризамыз, – деді «Nasdaq» компа­ния­сының басшысы.

Сонымен қатар А.Фридман «Астана» халықаралық қаржы орта­лығымен ынтымақтастықты бас­тауға және Қазақстан биржа­сының жұмысына қажетті озық технологиялармен қамтамасыз етуге әзір екенін айтты.

Келіссөз барысында та­раптар бірлесе жұмыс істеу­дің және Қазақстанда қолайлы инвес­тициялық ахуал қалыптастыру үшін ұзақ мерзімді байланыстарды орнатудың маңыздылығын атап өтті.

Соңында Мемлекет басшы­сы Нұрсұлтан Назарбаев А.Фрид­манды биылғы шілде айын­да болатын «Астана» халық­аралық қаржы орталығының ресми түрде ашылу рәсіміне қаты­суға шақырды.