• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Спорт 22 Қаңтар, 2018

Отандастарымыз Әбу-Дабиден олжалы оралды

245 рет
көрсетілді

Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Әбу-Дабиде өткен джиу-джитсудан Grand Slam World Tour халықаралық турнирінде бақ сынаған отандастарымыз олжалы оралды.

Ел намысын қорғаған 17 спортшының он екісі «Қазақстан Топ Тим» клубының өкілдері. Джиу-джитсу және грепплингтен ел федерациясының атқарушы директоры Мигель Мамыр­баевтың айтуынша, бұл турнир ауқым­ды әрі беделді спорттық шара­лардың бірі саналады. 

Спортшыларымыз ел қоржынына 3 алтын, 4 күміс және 2 қола медаль салып, жарыс қорытындысы бойынша жоғары нәтижеден көрінген. Айдар Түлейбаев, Ядгар Қасымов, Мигель Мамырбаевтар жеңіс тұғы­рынан көрініп, чемпион атанса, Ар­лан Шабдарбаев, Ержан Естанов, Мұхамедияр Құдайқұлов және Ос­ман­жан Қасымов күміс медальды ен­шіледі. Ал Төлеген Құмаров пен Ба­тыр Мұратұлы қоланы қанағат тұтып, жарыс жүлдегері атанды.

– Турнирде жүлделі орыннан көріну үшін бар күш-жігерімізді салдық. Дегенмен төрешілер тарапынан болған әділетсіздіктерді де айтпай кетуге болмас. Біздің команда кіл мықтылардан құралған. Сондықтан олардың әділетсіздігі жарыс қожайындары мен біздің спортшылардың белдесуі кезінде байқалды. Жалпы, көрсеткен нәти­жеміз жаман емес, – дейді турнир­дің күміс жүлдегері Османжан Қасымов. Grand Slam халықаралық турнирі­нің келесі кезеңі 10-11 наурызда Лондонда өтеді. 

Арман ОКТЯБРЬ, «Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ