Арқалыққа жақын, Ашутасты ауылының тұрғындарынан түнгі сағат 00.12-де Солтүстік өңірлік жедел-құтқару отрядының қалалық бөлімшесіне дабыл келіп түседі. Қаладағы келесі көшеге баруға шығып кеткен 88 жастағы қарияны туыстары таппай қалған. Ол өзі баратын Мичурин көшесіндегі 22 -1 үйге жетпеген.
Қарияны іздеуге "Марш-Бронто" деп аталатын УАЗ жүрдек көлігімен жеті адам іздеуге шыққан. Құтқарушылар отряды кәрі кісі барады-ау деген өңірді түгел сүзіп шығады. Қария адасып, өзінің үйінен екі шақырымдай жерде әбден әлсіреп, қарға батып тұрған жерінен табылды. Құтқарушылар қарияны туыстарына әкеліп берді. Медицина қызметкерлері шала-шұрпы үсік шалған қартты ауруханаға алып кетті.
Нәзира ЖӘРІМБЕТ
«Егемен Қазақстан»
Арқалық