• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Қазақстан 22 Қаңтар, 2018

Ұлыбритания ветеринария колледжі: Киік неге қырылды?

274 рет
көрсетілді

2015 жылы Қостанайдан басталып, Ақтөбені жалмаған жұттан Бетпақдаладағы 150 мыңнан астам киік қырылды. Зерттеушілердің бір тобы бұл қырғынды протонның құлауы мен гептилден деп жорамалдаса, бірі жұқпалы аурумен байланыстырды. Алайда сол киіктердің неден қырылғаны жұмбақ күйінде қалған еді.

 

      G M T     Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский   АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский                     Звуковая функция ограничена 200 символами     Настройки : История : Обратная связь : Donate Закрыть

Жақында Ұлыбританияның ветеринарлық колледжі осы жұмбақ өлімнің сырын ашқанын хабарлады. Назарларыңызға «Ғалымдар Орталық Азияда кенеттен киіктердің жаппай қырылуының себептерін ашты. 200 мың киіктің өліміне қоршаған ортадағы ерекше жағдайлар әсер еткен» деген зерттеу жұмысының қысқаша мазмұнын ұсынып отырмыз.

2015 жылы мамырда Қазақстанда өлген 200 мыңнан астам (ресми дерек бойынша 150 мың – ред.) ақбөкеннің кенеттен қырылуы әлемді таң қалдырды. Өлген киіктердің саны сол өлкедегі киіктердің 80 пайызын, ал әлем бойынша осы түрдің  60 пайызын құраған болатын.

Үш аптаның ішінде он мыңдаған сау киіктер Қазақстанның Бетпақдала аймағында геморрагиялық септицемия ауруынан қырылған. Киіктердің өліміне әсер еткен пастерелла мультоцида (Pasteurella multocida) бактериялары. Бірақ бұл бактерия түрлерінің киіктердің ауыз қуысында еш зиянсыз өмір сүруі қалыпты жағдай, алайда жаппай қырылудың себебі неде?

Халықаралық зерттеу тобының айтуынша, бұл қырғынға басқа да жекелеген факторлардың әсері болуы мүмкін. Әсіресе, сол күндердегі климаттық факторлар, яғни ылғал және ауа температурасының жоғарылауы кенеттен бактериялардың қанға түсіп, қанның улануына (септицемия) әкелген. Ғалымдар осыған дейінгі киік өлімін зерттей келе, ылғал деңгейі және ауа райы темпаратурасының көтерілуі мен киіктердің жаппай қырылуы арасында тікелей байланыс болу мүмкіндігін анықтады.

Сонымен қатар, зерттеу нәтижесі киіктердің жаппай қырылуы (1980 жылы екі рет жəне 2015 жылы) олардың көбею кезеңімен тұспа-тұс келетіндігін көрсетіп отыр. Алайда, мұндай жаппай қырылу басқа ірі сүтқоректілерде кездеспейді. Себебі киіктердің көбею процесі өзге жануарлармен салыстырғанда күрделі. Бұл жағдай ауа райының күрт өзгеруімен, яғни қыста -40, жазда 40 градусқа жетуі, азық тапшылығына төзімді болуымен байланыстырылады. Киіктердің үлкен болып тууы олардың тез аяқтануына әсер етеді және енесімен бірге басқа аймақтарға көшіп қонуына тез бейімделуіне көмектеседі.

Жоғарыда айтылған себептерге байланысты, киік өлімінің жоғары деңгейі - табиғи. Алайда, соңғы  жылдары киік өлімі шектен тыс артып, тіпті олардың жер бетінен жойылып кету қаупін тудырып отыр. Соның бірі 2017 жылы Моңғолиядағы 60 пайыз киіктің үй жануарларынан жұққан инфекциядан қырылуы. 

Одан бөлек, 1990 жылдан бастап киіктерді заңсыз аулаудың көбеюі осы түрдің жойылуына апарар басты себептерінің бірі болса, инфраструктураның дамуы, яғни темір жолдардың салынуы олардың мекен ету аясын тарылтты. Сондықтан киіктерді сақтап қалу үшін барлық іс шаралар «Жануарлардың қоныс аударатын түрлерін сақтау туралы Конвенция» аясында жүзеге асып жатқандығын назарда ұстау керек.

Мәдина Жәлелқызы,

«Егемен Қазақстан»