Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Америка Құрама Штаттарына ресми сапарының қорытындылары жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Кеңеске Президент Әкімшілігінің Басшысы Ә.Жақсыбеков, Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы В.Жұмақанов, Президенттің көмекшілері Н.Онжанов пен Ә.Смайылов қатысты.
Мемлекет басшысы АҚШ-қа ресми сапарының аясында өткізілген кездесулерді қорытындылап, қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру үшін бірқатар нақты тапсырма берді.
– Сапар табысты болды. Ең бастысы, нақты мәселелер бойынша нақты уағдаластықтарға қол жеткіздік, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Сонымен қатар Қазақстан Президенті шетелдік компаниялармен экономикалық ынтымақтастықты нығайтып, дамыту жөніндегі міндеттерді іске асырудың маңыздылығын атап өтті.