• RUB:
    5.06
  • USD:
    486.44
  • EUR:
    534.31
Басты сайтқа өту
Әлем 23 Қаңтар, 2018

СІМ: Кабулде болған террорлық шабуылға қатысты мәлімдеме таратты

266 рет
көрсетілді

Сыртқы істер министрлігі Ауғанстанның Кабул қаласында болған террористік шабуылға қатысты мәлімдеме таратты. Онда шаһардағы «Интер­континенталь» қонақ үйінде жасалған жарылысты Қазақстан тарапы қатаң айыптайтыны айтылған, деп хабарлады осы ведомствоның баспасөз қызметі. 

«Бұл Ауғанстан үшін ғана емес, елдегі бейбітшілік пен дамуды қалпына келтіруге атсалысып жатқан халықаралық қоғамдастыққа қарсы жа­салған қан­құйлы және өрес­кел әрекет. Қазақстан тарапы жауап­кер­шілікті сезіне оты­рып, Ауған­стандағы терроризм мәселесін түбегейлі шешу үшін жедел шаралар қабылдау қажет екенін мә­лімдейді», делінген Сыртқы істер министрлігі таратқан мәлім­демеде. 

Қазақстан тарапы Ауған­стандағы барлық саяси күштерді татуласу бойынша келіссөздер жүргізуге шақырады. Сонымен қатар БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы ретінде елдегі жағ­дайды тұрақтандыруға, тер­роризмді жоюға және қалпына келтіруге жан-жақты жәрдем көрсететіні айтылған. «БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Төр­ағасының қаңтарда қабыл­даған мәлімдемесі ха­лықаралық қоғам­дастықты елдегі саяси жағ­дайды тұ­рақ­тандыру мақсатында Ауған­станға қолдау көрсету­ге шақырады. Қаза болған­дар­дың туыстары мен жақын­дарына көңіл айтамыз, сон­дай-ақ жарақат алғандардың тез арада сауығып кетуін ті­лейміз», делінген ми­нис­трліктің мәлімдемесінде.

Сенбі күні Кабулдағы «Ин­­терконтиненталь» қонақ үйіне қарулы басбұзарлар басып кіріп, 20-дан астам адамды жайратып салған. Оқи­ғаны «Талибан» террористік ұйымы өз мойнына алып отыр. Қаза тапқандар ара­сын­да қазақстандық бір азамат бар. Бақилық болған отан­да­сымыздың отбасы мен туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз.