• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қазақстан 23 Қаңтар, 2018

Астанада «Ұрпақтар жадында» атты көшпелі көрме өтті

353 рет
көрсетілді

Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» музей-мемориалдық кешені «Ұрпақтар жадында» атты көшпелі көрме өткізді. Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында бірегей экспонаттар Назарбаев Университетінде көпшілік назарына ұсынылды.  

Көрмеге Қазақ КСР Денсау­лық сақтау халық комиссары Хасен Нұр­мұ­хамедов пен оның жұбайы Кира Берсеневаның, Қазақстанның Атқару комитеті Президиумының мүшесі Мұха­мед­қали Тәтімов пен оның жұ­байы Шәкітайдың, Алматы облысы Кеген ауданының прокуроры Шәкір Ғайсин мен оның жұбайы Ғайнижамалдың, «АЛЖИР» тұтқыны Сұлухан Бағзыбаеваның, Мемлекеттік банктің Добрушск бөлімінің директоры Севек Лихтенштейн (Сендер) мен оның жұбайы Ен­та Лихтенштейннің, КСРО Мем­лекеттік банкі ди­рек­торы­ның орынбасары Соло­мон Хариннің және оның жұ­байы Софья Зиль­бергтің фотосуреттері мен мұрағаттық құжат­тары қойыл­ған.

Бұл адамдар миллиондаған отба­сын жойып, адамзат тағды­рын бұзған өте қатал сталиндік жазалау машинасының азаптауынан өткен. Диктатураға мойынсұнбағандар жаппай қуғын-сүргінге ұшырап, «халық жауы» атанды, ал олар­дың жұбайлары, ата-аналары, аға­лары, апалары мен ұл-қыз­дары те­мір торға тоғытылды.

Мұндай көрмелер ХХ ға­сырдың 30-50-ші жылдарын­дағы оқиғаларды есте сақтау­ға септігін тигізеді және болашақ­та­­ трагедияның қайтала­нуын­­ болдырмау үшін жас ұр­­пақ­­­­тың бойында патриотизм мен адамгершілік сезімін қалыптастыруға ықпал етері сөзсіз.

Мирас АСАН, «Егемен Қазақстан»